Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Тимур Бекмамбетов пен Тим Бертонның бірлескен жаңа жобасы жарыққа шықпақ

Тимур Бекмамбетов пен Тим Бертонның бірлескен жаңа жобасы жарыққа шықпақ

Тимур Бекмамбетов пен Тим Бертонның бірлескен жаңа жобасы жарыққа шықпақ

Америкалық белгілі кинорежиссер, мультипликатор және жазушы Тим Бертон 21 маусым күні Ресей астанасы Мәскеу қаласына  алғаш рет келмек. Осы уақытқа дейін әр түрлі беделді компаниялар шақырса да, сапарды кейінге қалдырып жүрген Тим Бертонның аяқ астынан келмек болуына не себеп? Оны Ресейге келуге көндірген өзіміздің кинорежиссер Тимур Бекмамбетов екен. Ол Бертонмен бұрыннан таныс көрінеді. Себебі олар екеуі бірлескен түрде вампирлық экшн негізінді фильм түсірді. Ресей астанасында 22 маусым күні  осы су жаңа фильмнің тұсауы кесілмек. Фильм «Президент Линкольн. Қанішерлерге қарсы күрес» деп аталады. Бертон онда продюсердің, ал Тимур Бекмамбетов режиссердің ролін атқарған. 53 жасқа келген америкалық атақты кинорежиссер көптеген кино туындылардың авторы. Атап атйқанда, 2010 жылы фантастикалық негізде түсірілген "Алиса ғажайыптар елінде", "Қалыңдық мәйіті", "Чарли және шоколад фабрикасы" "Бэтмен" "Маймылдар планетасы", "Эдвардтың қайшы-қолдары" сынды т.б. киноларда режиссерлік еткен.

Фильм Сет Грэм-Смиттың постмодернистік романы негізінде түсірілген. Онда Америка Құрама Штаттарының атақты президенті Авраам Линкольннің құпия өмірі туралы айтылмақ. Президент өзге де қарапайым жандар сияқты сүйікті жар,  ардақты әке, ал түнде қанішерлерге қарсы күресетін қаhарман. Анасы сол қанішерлердің қолынан қаза тапқандықтан, кек алмақ мақсатында қарсы шығады. Керемет кейіпкер дәрежесіне көтерілген президент  ұлтын осылай қауіп-қатерден аман алып қалғысы келеді. Осынысымен ол классикалық тарихтың мәңгілік кейіпкері болып қалмақ.

Рольдерде Руфус Сьюэлл, Доминик Купер, Мэри Элизабет Уинстед, Робин Макливи, Энтони Мэки, Джимми Симпсон, Алан Тудик сынды белгілі әртістер ойнайды. Бұл кино жарыққа шығысымен-ақ, кино өнерінде ойып тұрып орын аларына шүбәміз жоқ.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: dayevents.ru, hotperchik.ru, kolomnochka.ru

2880 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 маусым 2012, 17:46
Пікірлер
+0
20 маусым 2012, 08:18

Қиялилардың қияли туындысы :mrgreen:

+0
20 маусым 2012, 12:43

менімші, тамаша туынды сияқты. Асығып жүрмін көруге ;)

+0
20 маусым 2012, 12:50

көруге татырлық болса болды. Біздің қазақтардікіндей актерлар жасандылығы деген бола қоймайды оларда)))

+0
21 маусым 2012, 15:14

2 шілдеге белгіленіп қойыпты отандық кинотеатрларда :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...