"Алтын глобус-2015" жүлдесін кімдер иеленді?

"Алтын глобус-2015" жүлдесін кімдер иеленді?

11 қаңтар күні Лос-Анджелесте "Алтын глобус" жүлдесінің 72-ші марапатталу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл жүлденің үміткерлері өткен жылдың 11 желтоқсан күні белгілі болған еді.

«Алтын глобус» – үздік фильмдер мен актерлерді марапаттайтын америкалық жүлде. Бұл сыйлық 1944 жылдан бері беріліп келеді.

Бұл жылы "Сесиль Б. Де Милль" атындағы құрмет жүлдесі актер, продюсер, режиссер әрі сценарист Джордж Клуниге бұйырды.

2015 жылғы "Алтын Глобус" сыйлығының жүлдегерлері төмендегідей:

"Үздік драма" аталымның иегері – "Балдәурен/Boyhood" фильмі.

"Үздік комедия" аталымның иегері – "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel" фильмі.

"Үздік режиссер" аталымның иегері – "Балдәурен/Boyhood" фильмінің режиссері Ричард Линклейтер.

"Драмалық фильмдегі ер адам рөлін сомдаған үздік актер" аталымның иегері – "Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything" фильмінде Стивен Хокинг рөлін ойнаған Эдди Редмэйн.

"Драмалық фильмдегі әйел рөлін сомдаған үздік актриса" аталымның иегері – "Әлі Элис/Still Alice" фильмінде Элис Хоуланд рөлін ойнаған Джулианна Мур.

омедиялық фильмдегі ер адам рөлін сомдаған үздік актер" аталымның иегері – "Бердман/Birdman" фильмінде Ригган Томпсонның рөлін ойнаған Майкл Китон.

"Комедиялық фильмдегі әйел рөлін сомдаған үздік актриса" аталымның иегері – "Үлкен көздер/Big Eyes" фильмінде Маргарет Киннің рөлін ойнаған Эми Адамс.

"Екінші пландағы ең үздік актер" аталымның иегері – "Қамшы/Whiplash" фильміндег Теренс Флешчердің рөлін ойнаған Джонатан Кимбл Симмонс.

"Екінші пландағы ең үздік актриса" аталымның иегері – "Балдәурен/Boyhood" фильмінде Оливия Эванс рөлін ойнаған Патрисия Аркетт.

"Үздік сценарий" аталымының иегері – "Бердман/Birdman" фильмі.

"Үздік фильм саундтрегі" аталымның иегері – "Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything" фильмінің музыкасын жазған Йохан Йоханнссон.

"Үздік әуен" аталымның иегері – "Сельма/Selma" фильмі.

"Үздік анимациялы фильм" аталымның иегері – "Айдаһарды билеу 2/How to Train Your Dragon 2" фильмі.

"Ең үздік шетелдік фильм" сыйлығын Ресейдің "Левиафан" фильмі иеленді.

Сурет: ibtimes.com, fashionlab.pro

Оқи отырыңыз:

"Тұтқындалған 3" фильмі қазақстандық прокатқа шығады

2015 жылы қандай фильмдер көреміз? #2

2014 жылғы ең бай киножұлдыз кім деп ойлайсыз?

2015 жылы қандай фильмдер көреміз?

Ф. Абилова