"Шыршалар - 2": ғажайыптар өз жалғасын табуда

"Шыршалар - 2": ғажайыптар өз жалғасын табуда

Шытырман оқиғаларға толы «Елки» комедиясының жалғасы «Елки-2» фильмі биылғы жылдың 15 желтоқсанында экранға шыққан болатын. Басты рөлдерді Сергей Светлаков пен Иван Ургант сомдаған еді.

Фильм алты оқиғадан құралған: «Аэродром», «Аяз Ата», «Амнезия», «Ванна», «Куранттар мен ұшақ», «Ромео мен Алена». Екі оқиғадан режиссер Александр Котт пен Дмитрий Киселев түсірсе, бір-бір оқиғаларды Оксана Бычкова, Александр Баранов, Резо Гигинеишвили түсірген. Сондай-ақ, тағы екі оқиға түсірілген, алайда олар ақтық картинаға енбеді.


Оля сөз салған француз жігітінің ұсынысын қабылдамай, сүйіктісі Боряны күтеді. Кішкентай қыз Настя болса, Аяз Атадан ата-анасының қайта қосылып, бірге болуын өтініп сұрайды. Жаңа Жыл кешінің қарсаңында «Юленька» ұшағы апаттық жағдайға ұшырамас үшін Вяткаға қонады. Мәскеуде ата-аналарының қарсылығына қарамастан, кавказ жігіті мен орыс қызы арасындағы пәк сезімдер арбауында болады. 40 жыл уақыт өтсе де сезімдері сөнбеген ғашықтар кездеседі.

Ескі және жаңа кейіпкерлердің бастан кешкен оқиғалары әр түрлі болғанымен, оларды мереке қарсаңында бақыт пен таңғажайып сәттер біріктіреді.  


2011 жылдың алғашқы күндері «Елки-2» фильмнің түсіру жұмыстары басталған болатын. Эпизодтық картиналар Новосибирск, Астана, Пермь, Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Қазан қалаларында түсірілген. Картина алғашқы фильмнен түскен табыспен қаржыландырылды (шамамен 20 миллион доллар).

 

Қызықты мәліметтер:

Қазақстан кинотеатрларынан көрсетілген фильм алғашқы демалыс күндері 62,1 миллион теңге табыс әкелді.

«Самолет» оқиғасына түсу үшін басты рөлге Вахтанг Кикабидзе мен Олег Табаков шақырылған еді, алайда, түсіру жұмыстары басталған кезде актерлер құрамы өзгертілді.


Негізгі картиналарды жаз мезгілінде түсірген. Ол үшін 150 қап жасанды қарлардың бірнеше түрін пайдаланған. Жасанды қарлар полителен, қағаз, синтепоннан, ал  декорациялардағы мұздар акрильден жасалған.

Қызыл алаңдағы көріністер павильонда түсірілген.

Мерседес авто көлігі мен шойын ваннасы қақтығысқан кезде, авто көлік айтарлықтай, үлкен зардап шекті.

Қарапайым көрермен қауымның жіберген фотосуреттердің ішіндегі дауыс беру арқылы үздік деп танылғандары ғана фильм соңында көрсетіледі.

Әнші Вера Брежневаға ғашық жан Паша Бондаревтің рөлін сомдау үшін Никита Пресняков түсірілім жұмыстарына Нью-Йорк қаласынан арнайы ұшып келген.

Басты кейіпкер Евгенийдің «3 миллион доллар» деп айтқан сөзі сценарийде болмаған. Ол сөзді басты рөлді сомдаған Сергей Светлаковтың түсірілім кезінде ойынан шыққан, суырыпсалма сөзі. 

Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ