Уилл Смит "Сиқыр" атты комедиялық фильмге түсті

Уилл Смит "Сиқыр" атты комедиялық фильмге түсті

Уилл Смит пен Марго Робби Джон Реку, Гленн Фикар сынды режиссерлер ұсынған «Сиқыр» атты фильмге түсті. Дәл қазір аталған фильмнің тек ресми трейлері ғана жарияланып отыр.

Американдық кинематограф криминалды әлемді табысты жеңгетаймен басланыстырады. Фильмде кәсіби алаяқ Уилл Смит өзінің өмірлік жары болуға лайық адамды кездестіреді: осы рөлді сомдайтын Марго Робби бейбіт тұрғындардың керектісін ұрлаумен айналысады. Әдеттегідей іске романтика араласқан кезде не болады? Оқиға бұдан бұрын баяндалып жүргендеріне ұқсайды. Алайда оны әзіл-қалжыңымен Уилл Смит түрлендіретін болады.


Алғашында режиссерлер бұл рөлге Райан Гослинг пен Эмма Стоунды, артынша Бен Аффлек пен Кристен Стюартты түсіргісі келген. Нәтижесінде таңдау Уилл Смит пен Роббиге түседі. Жаңа трейлер көрермендерге киноның алғашқы бағасын беруге мүмкіндік береді. Ал алғаш еліміздің кинотеатрларынан 25 ақпаннан бастап көрсетілетін болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.ru

Қ. Бүйенбай