Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Қазақстандық "Студент" фильмі Каннда сәтті картина деп танылды

Қазақстандық "Студент" фильмі Каннда сәтті картина деп танылды

Қазақстандық

Отандасымыз Дәрежан Өмірбаевтың "Студент" фильмі Канн фестивалінде көпшіліктің көңілінен шығып, мамандар картинаға ерекше туынды деп баға беріп отыр.

Киносыншы Дэниал Касманның ұйғаруымен аталған фильм Top Picks рейтінгісінде алғашқы орынға тұрақтады. Осымен 65-ші рет өткізіліп отырған фестиваль туралы көлемді мақала жазған сыншы: "Кино әлемі материалист режисердің көзқарасымен шектеліп қалмайды. Әр адам өмірге деген өзіндік көзқарастары мен фантазиясын қосуға құқылы. Осы тұста Дәрежан Өмірбаевтың туындысы шынайылығымен, оригиналдығымен, тереңдігімен ерекшеленді", -деп ықыласын білдіріпті.

Сонымен қатар: "Өмірбаевтың фильмінде әр түрлі көріністер бір-бірін ақырын алмастырып отырады. Былайша айтсақ, барлық оқиға желісі кейіпкердің түсі істептес. Әр көріністегі оқиға желісі түс екендігі белгілі болғанға дейін жалғаса береді", - деді.

ва

"Студент" фильмінен көрініс. Режисер: Дәрежан Өмірбаев

Өмірбаев Канн фестиваліне осымен үшінші рет қатысып отыр. Алғаш рет 1998 жылы "Киллер" атты туындысын ұсынып, "Ерекше көзқарас" номинациясы бойынша сыйлық ұтып алып еді. 2001 жылы "Жол" атты фильмін бәйгеге тікті.

Бұл жолғы бәйгеде Достоевскийдің "Қылмыс пен жаза" романының желісімен түсірілген режисердің тағы бір туындысы "Ерекше көзқарас" категориясына жатқызылды. Бірақ бұл картина ешқандай сыйлыққа ие бола алған жоқ.

Осы орайда The New York Times газетінің тілшісі Дэннис Лим (Dennis Lim): "Өмірбаевтың картинасы шынымен ерекше. Бірақ бұл еңбегі сыйлыққа таласушылардың қатарынан көрінбеді. Кинемотограф үшін бұл әрине жақсы нәрсе емес. Фильмде жұлдызды актерлар ойнау керектігін түсінемін, бірақ осы жылы кино түсіріп жүрген немесе түсіруге тырысып жүрген адамдардың саны қанша екен?", - деп пікір айтыпты.

Естеріңізге сала кетелік, осыдан бұрын әлемдік дистрибьюторлар Өмірбаевтың "Студентін" сатып алған еді. Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың баласы" да олардың назарына іліккен болатын.

суреттер: rus.azattyq.org, thenews.kz

4810 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 28 мамыр 2012, 16:36
Пікірлер
+0
28 мамыр 2012, 17:41

Студент фильмі енді жарнамаланып жатыр, Каннда ел назарына іліккен соң 8-)

+0
29 мамыр 2012, 15:35

мен әлі көрмедім

+0
01 маусым 2012, 00:37

Көру керек екен бұл фильмді.

+0
02 маусым 2012, 12:31

ал мен көріп алғанмын :)

+0
02 маусым 2012, 15:35

қай сайттан көрдіңіз айжан маған сілтемесін жібере аламысыз

+0
02 маусым 2012, 17:24

Предпоказында көргем, "Цезарь" кинотеатрында) P.S Адам аты үлкен әріппен жазылады!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол
ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...