"Миллионер из трущеб" фильмінің жұлдызы Дев Патель "Шәкен жұлдыздарына" келеді

"Миллионер из трущеб" фильмінің жұлдызы Дев Патель "Шәкен жұлдыздарына" келеді

"Миллионер из трущеб" фильмінің жұлдызы Дев Патель "Шәкен жұлдыздары"  кинофестиваліне қатысатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

22 жасар британдық әртіс 8 "Оскар" сыйлығы мен 4 Алтын глобус иеленген фильмде Джамал ролін сомдаған еді. Сонымен қатар фильмде басты кейіпкер болған Патель BAFTA сыйлығын да алған болатын. 

Әртістің қатысуымен өтетін баспасөз конференциясы маусым айының бірінші жұлдызында өтеді. Сондай-ақ фестиваль қонақтары есебінде Ресей жұлдыздары келетін көрінеді. Атап айтқанда, биылғы кинофестиваль қонақтары Егор Кончаловский, Любовь Толкалина және Наталья Пановалар болады деп күтілуде. 

Естеріңізге сала кетсек, "Шәкен жұлдыздары" фестивалі Алматыда мамыр айының 30-нан маусымның 3-не дейін жалғасады. 2012 жылы аталған кинофестиваль оныншы рет өткізілмек. "Жас кино", "Дебют", "Студенттік кино" және "Анимация" секциялары бойынша 50-ден аса фильм ұсынылатын болады. Кино көрсетілімдері Cinema Towers кинозалдарында өткізіледі. Барлық сеанстарға кіру тегін болмақ.

Сурет: askmen.com

Ж. FM