Warner Bros. кинокомпаниясы жаңа жобасының түсірілімін бастады

Warner Bros. кинокомпаниясы жаңа жобасының түсірілімін бастады

Кинокомпания Джоан Роулингтің «Фантастикалық жануарлар және олардың өмір сүретін аймағы» атты еңбегіне үш толық форматты фильм түсіруді бастап жіберді.

Компания басшысы Кевин Тсуджихараның мәлімдеуінше, бұл фильм жобасының "Поттер әлеміне" еш қатысы жоқ. Кино өзгеше бағытта түсірілмек. Кинокартина желісі Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол Поттер дүниеге келуінен 70 жыл бұрынғы оқиғаны қамтиды. Басты кейіпкер Хогвартс сиқыршылар мектебінің оқытушысы Ньюта Скамандера болады. Гарри Поттердің кітабын оқып, киносын көргендеріңіз болса, Хогвартста «Фантастикалық жануарлар және олардың өмір сүретін аймағы» атты оқулық болатын. Ньюта – сол оқулықтың авторы (Джоан Роулингтің идеясы).

Роулингтің өзі киножобаның сценарий авторы атанып отыр. 2001 жылы жазылған кітаптың желісі бойынша түсірілетін киноның жобасы алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айында жарияланған еді. Бірақ ол кезде бірнеше кинолентаның жобасы осы кітапқа қатысты болды. Соңында фильмді түсіру Warner Bros. кинокомпаниясының меншігіне тиді.

Негізге ала кетсек, Warner Bros. осы жылдың жаз мезгілінде 8 бірдей фильмнің алғашқы қойылымын жариялауды жоспарлап отыр. Голливудтың ешбір кинокомпаниясында осындай ауқымды жобалар жоқ.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.nytimes.com

Ж. Өрісбай