Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Алматыда Еуропа кино апталығы өтеді

Алматыда Еуропа кино апталығы өтеді

Алматыда Еуропа кино апталығы өтеді

Мамырдың 13-19 аралығында Алматы қаласындағы «Цезарь» кинотеатрында Еуропа киносының апталығы өтеді.

Шара Еуропа мәдениет институттарының бірлестігі (EUNIC Almaty), Олег Борецкий киноклубы, «Цезарь» кинотеатрының ұйымдастырумен өткізіледі. Игі шараны Еуро Одақ өкілеттігі, Чех әуе жолдары, Алматы қаласының әкімшілігі, «Арман-Цезарь» кино желісінің президенті Эрпан Салимов қолдауда.

Алматы қаласының Мәдениет жылы аясында өткізілетін кино апталықта Польша, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Латвия, Венгрия және Швеция мемлекеттерінің ең үздік әрі жаңа кино туындылары көрсетіледі. Шара ұйымдастырушыларының айтуы бойынша, көрермен қауым назарына ұсынылатын сегіз фильм қазіргі еуропалық бағыттағы өмір мен халықтың тыныс-тіршілігін баяндайды. Фантастика, мелодрама, комедия, тарихи драма т.с.с. жанрларда түсірілген фильмдер қазақстандық көрермендерге Еуропа мәдениетін жаңа қырынан танытпақ.

Жұртшылық назарына ұсынылатын барлық фильмдер орыс тіліндегі субтитрлармен түпнұсқада берілетін болады.

Еуропа кино апталығы «Цезарь» кинотеатрында өтеді. Билет құны – 200 теңге.

13 мамыр, жексенбі күні Еуропа кино апталығының ашылу салтанаты өтеді. Кеш қонағы - танымал венгр актері Иван Феньё.

  • 13 мамыр – 18:00 «Бостандық, Махаббат» (Венгрия)
  • 14 мамыр – 19:00 «Менің Никифорым» (Польша)
  • 15 мамыр – 19:00 «Рига қарауылдары» (Латвия)
  • 16 мамыр – 19:00 «Жер бетіндегі соңғы махаббат» (Ұлыбритания)
  • 17 мамыр – 19:00 «Айлакерлік» (Франция)
  • 18 мамыр – 19:00 «Лила, Лила» (Германия)
  • 19 мамыр – 17:00 «Айқай-шу дыбысы» (Швеция)
  • 19 мамыр – 19:00 «Кешкі уақытта Джулия серуенге шықпайды» (Италия)

Ақпарат көзі: Олег Борецкий киноклубы

Суреттер: vseprokino.kz

3245 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 мамыр 2012, 12:48
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 16:52

•13 мамыр – 18:00 «Бостандық, Махаббат» (Венгрия) - тарихи фильм, Венгр халқының қорықпай өз бостандығы үшін 1956 жылы КСРО қарсы шыққан күндерді өте жақсы баяндайды, біздің 1986 жылға ұқсас.... басты кейіпкер Алматыға осы фильмді ұсыну үшін 1 күнге келді, залдағы қыз-келіншектердің барлығы дерлік ғашық болып қалды )
•14 мамыр – 19:00 «Менің Никифорым» (Польша) - поляк халқының дарынды суретшісінің өмірі жайлы фильм. ең қызығы басты рольді (Никифорды) әйел адам сомдаған, мен бұл кісіге осы ролі үшін Оскар беруші едім.
•15 мамыр – 19:00 «Рига қарауылдары» (Латвия) - тағы да бостандық үшін күрес, тағы да орыстардың империалистік саясатына қарсы күрес және туған елге махаббат баяндалады.
•16 мамыр – 19:00 «Жер бетіндегі соңғы махаббат» (Ұлыбритания) -ешнәрсе айтпаймын, өздеріңіз көріңіздер, көруге тұрарлық фильм, көп нәрсеге көзқарасым өзгерді...
•17 мамыр – 19:00 «Айлакерлік» (Франция) - француз жасөспірімдерінің өмірі біздің оқушылардың өміріне ұқсас, бірдей проблемалар )
:D :D :D :D

+0
18 мамыр 2012, 16:53

бүгінгі фильмді тағатсыз күтудемін )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...