Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Жаужүрек Мың бала" фильмі рекордты жаңартты

"Жаужүрек Мың бала" фильмі рекордты жаңартты

Шәкен Айманов атындағы  «Қазақфильм» студиясының жақында ғана жарыққа шығарған 2012 жылдың ең ірі жобасы «Жаужүрек Мың бала» фильмі алғашқы көрсетілімнен бастап, рекордты көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жағдай.

«Жаужүрек мың бала» фильмі алғашқы көрсетілімнен-ақ, (3-6 мамыр аралығында) 1 миллион долларға жуық қаржы жинады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ киносы аз уақыт ішінде 147 миллион 600 мың теңге пайда тапты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштердің саны артады деген болжам жасалуда.

Сондай-ақ, фильмнің қосымша тапсырыс берушілердің саны көбеюде. Шәкен Айманов атындағы  «Қазақфильм» АҚ кинотеатрларға фильмді 70% қазақ тілінде, 30% орыс тілінде ұсынған болатын. Алайда, кинотеатр басшылығы шетел фильмдерін орыс тілінде көруді әдетке айналдырған көрермендерін жоғалтып алудан қорқып, фильмнің 30 данасын орыс тілінде, 21 данасын ғана қазақ тілінде шығарды.

Әуелгі бастан фильм қазақ тілінде түсірілген еді. Мұны ескерген «Қазақфильм» киностудиясы кинотеатр өкілдерімен келісе отырып, «Жаужүрек Мың бала» киносының қазақ тіліндегі нұсқасының санын арттыру туралы шешімге келді. Оның үстіне көрермен қауым тарапынан фильмнің түпнұсқасына, яғни қазақ тіліндегі көрсетіліміне деген үлкен сұраныс бар. Киностудияның баспасөз өкілдерінің мәліметтері бойынша, еліміздің барлық кинотеатрларында фильмнің көрсетілімі кезінде ине шаншар жер болған жоқ. Көрермен қауым ұзын-сонар кезекке тұрып, көрсетілімге билеттерді алдын ала сатып алды. Себебі, фильм қазіргі заманның сұранысына әбден лайық. Үлкен сұраныстың нәтижесінде режиссер Ақан Сатаев пен Шәкен Айманов атындағы  «Қазақфильм» студиясы бірлесе жасаған туындының қазақ тіліндегі нұсқасының саны көбеюде.

Қазақ халқының рухын көтеріп, атын асқақтататын «Жаужүрек мың бала» фильмі әлі үш аптадай еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетілетін болады.

Сурет: kino.kz

3021 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 мамыр 2012, 08:39
Пікірлер
+0
11 мамыр 2012, 09:40

жаңалықтардан естігем, бір үлкен ғана қателік жасадық, ол орыс тілінде көп, қазақ тілінде аз шығарғанымыз, себебі қазақ тіліндегі нұсқасына сұраныс көбірек болды деп, енді менің туған жерімде де, мейлі орыс тілінде бола берсін, көрсетсе екен :|

+0
11 мамыр 2012, 18:58

ЖАКСЫ ФИЛЬМ ЕКЕН МАГАН УНАДЫ ТЕК КАЗАКТЫН ЖИГИТТЕРИ ОЙНАГАНЫНА РИЗА БОЛДЫМ ЖАРАЙСЫН КАЗАК ФИЛЬМНИН УЖЫМЫНА АЛГЫСЫМ ШЕКСИЗ!

+0
13 мамыр 2012, 22:08

массагетке кірмегелі біраз болып біраз жаңаықтардан құр қалып жатырмын ғой :( менде киноға барып бір жылап шықтым :cry: керемет кино

+0
13 мамыр 2012, 22:36

жақсы кино ғой бірақ алаш деп аттандамаған ғой әруақ деп аттандаған ғой

+0
13 мамыр 2012, 23:02

Дінге байланысты көптеген тарихи фактілерге көз жұмылған екен. Сол әруақ деп айқайлауы және екі дүние деген сөз тіркесі де бертін келе, жиырмасыншы ғасырда пайда болған.

+0
13 мамыр 2012, 23:52

осы бір кино туындыны көре алмай жүрмін....

+0
14 мамыр 2012, 14:47

киноны коріп отырып жыным келді абден! кашан болмасын, осы қыздардың ақымақтылығынан, мен меншіл, ақыл ойларының жетіспеушілігінен қаншама жұрт қырылған!!!

+0
15 мамыр 2012, 09:53

бұрыннан бері сапасыз, мән - мағынасы жоқ, арзанқол сериалдар түсіріп шығындалғанша тарихи киноларға мән бергендері дұрыс еді, енді ғана естерін жиып, елінің батырлары жайлы кино шыққаны қуантарлық (қазақтың актерларымен арине) !!! болмайтын созылмалы түріктің Дениздерін көргенше, Сүлеймен патша сынды өзіміздің тарихи киноларымыз болса екен, келер ұрпақ киномен-ақ тарихын, батырлардың өткен жолын біліп, есте сақтап жүрер еді.. отырғызып, қинап кітаптағы тарихты оқытқанша кинодан көріп есте сақтағаны оңай болады )))

+0
17 мамыр 2012, 16:50

Сүлеймен патша туралы тарихи кино емес, мұртпилім түсіру керек :mrgreen:

+0
15 мамыр 2012, 09:59

Ерболаттың да "Мен қазақпын" деп ұрандаған өлеңіне көп сын айтылып еді, ал баладан қарияға дейін ыңылдап жаттап ап айтып жүргенін көріп қалай сынағанын түсінбедім!!! шет елдің орысша люблюдан басқа мәні жоқ өлеңдерін жаттағаннан гөрі жақсы емес па? Қыздардың ақымақтығы дейтіндей, Мырқымбайға айтарым, адам сынаудан бұрын өзіне қараса қайтер екен !!! ақылды болсаң ел басына күн туғанда қайда болдың ???

+0
17 мамыр 2012, 16:54

Жоңғар шапқанда мен жоғедім бұл өмірде! Әттең...

+0
17 мамыр 2012, 17:03

мен жоңғар заманын айтқаным жоқ !!! ол заманда болғаныңмен қолыңнан келер іс көріп тұрғаным жоқ! қазірдің өзінде қыздарды әлсіз деп қорғаудың орнына кінәлап бар күнәні іліп !!!! қыз жолдан тайса дурыс жолға ақылмен түсіретін иманды азаматтардың аздығына ..... жә, қойшы

+0
17 мамыр 2012, 19:47

Ол қыз білмеді емес білдіғо қарсы болатынын, бірақ соңы неге акеп соқтырарын ойламады! Қыз қашанда жолдан тайып жүре беру керек екен, жұрттар сол үшін азап шегу керек екен, солай ма??? Жадик, негізі казіргі заман жастары нерВныЙЙЙ! Менікінде шұқи берме, жарайма???

+0
21 мамыр 2012, 15:16

қыздың қателігін көріп тұрып ол дас соны жасаса несіне ренжисің? түсінбеймін... өзінің басы қайда? қыздарды кінәлауды қойған жөн, салғыласпай менімен... нервный болған өздері, а так у мя жизнь во :!:

+0
17 мамыр 2012, 17:28

Керемет кино, базар жоқ! Рекордты жаңартатындай орны бар! ;)

+0
17 мамыр 2012, 19:48

2 аптада 2 мілөн жинапты дима?

+0
17 мамыр 2012, 19:49

Искрада левый жасамай, шын билеттер сатылғанда бұданда көп боларма еді :mrgreen:

+0
17 мамыр 2012, 17:36

әңгіме жоқ

+0
20 мамыр 2012, 22:35

бірінші орынға ұлт жандылық пен біліктілік қойылса, және осының маңайында жұмыс жасаса. 1 шіден көзқарасты өзгертеді, 2 шіден көрермен жинайды, ол нәрсе нағыз табыс көзіне айналдырады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...