Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Көксерек" - хикая желісімен түсірілген фильм

"Көксерек" - хикая желісімен түсірілген фильм

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.

Фильм драмалық оқиғаларға толы. Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты ағасы Аханқұл (Сүйменқұл Чоқморов) бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің (Әлиман Жанғорозова) мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген. Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш (Қамбар Уалиев) қасқыр бөлтірігін асырап,  оған «Көксерек» деп ат қояды. Фильм соңында Құрмаш қайтыс болады, оны өзі баққан Көксерек бөлтірігі тістеп алады. 

Фильм режиссері «Ұрқия» фильмімен танымал болған Төлеміш Өкеев - өз ісінің хас шебері. Әр әртіспен жеке жұмыс жасап, керек кезде қатыгез де болған. Бай баласы Смайылбектің рөлін сомдаған Нұржұман Ықтымбаев Хасен рөлін сомдауы керек болатын. Алайда, режиссер Төлеміш Өкеев Хасен рөлін ойнауды Қарғамбай Сатаевқа тапсырады. Аханқұл рөлін сомдаған қырғыз актері Сүйменқұл Чоқморов Бакуде өткен кинофестивалде «Ең үздік актер» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды, ал Қамбар Уәлиев ынталандыру сыйлығын иеленді.

1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Қызықты деректер:

Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.

«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.

Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

Фильм сценарийін Андрей Михалков-Кончаловский мен Эдуард Тропинин жазды. Ал қазақ тіліне Әбіш Кекілбаев аударған болатын.

Форумда талқылау

Суреттер ғаламтор беттерінен алынды

29749 8
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 16 желтоқсан 2011, 17:01
Пікірлер
+0
21 желтоқсан 2011, 09:27

Осы кино басты кейіпкер Құрмаш рөлін сомдаған Қамбар Уалиевтің балалық шағын ұрлады десе болады. Қамбар ағамыз бір сұхбатында: "киноға түскеннен соң, мен күлуден қалдым" деген еді(((

+0
15 қаңтар 2012, 11:31

Неге?

+0
15 қаңтар 2012, 11:53

Себебі, киноға түсемін деп Қамбар аға бір жылдай уақыт үйінен алыста жүрді. Одан қалса, фильмдегі кейбір қатал сәттер балаға қатты әсер қалдырған.

+0
01 ақпан 2012, 11:12

Ол сұхбатын мен де оқып едім. Қаршадай баланың сондай киноға түсуі қиын ғой әрине.

+0
15 қаңтар 2012, 13:31

Біртуар фильмдердің бірі. Құрмаштың рөлінде ойнаған актер жайлы білгім келетін еді. Ол кісі әлі тірі ме?

+0
15 қаңтар 2012, 13:37

Иә, ол кісі тірі. Қателеспесем, ол кісі "Сәт" триосының жетекшісі

+0
15 қаңтар 2012, 13:40

Ааа, түсінікті. Сұхбатқа келіссе жақсы бір сұхбат та алуға болар еді. ))

+0
15 қаңтар 2012, 20:09

Қамбар Уалиевтің осы кино хақында бір сұхбатында "Көксерек менің күлкімді ұрлады" дейтіні бар. Өнердің адам тағдырына әсер етуі өз тылсымынан тайынар емес.

+0
01 ақпан 2012, 11:11

"Көксерек" шығармасын оқысам да, киносын бастан-аяқ көрмеппін. Құрмаштың рөліндегі Қамбар Уәлиевтің баласы Еркін Рақышевтің "Жетімдер" фильміне түскен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...