Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Жаужүрек мың бала" - асыға күткен тарихи фильм

"Жаужүрек мың бала" - асыға күткен тарихи фильм

«Жаужүрек мың бала» - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының биыл жарыққа шығатын ең ірі жобасы.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қарсы шығып, ересек сарбаздармен бірге кең байтақ жері мен елін қорғауға өрелі мінезді өжет жастар бел буады. XVIII ғасырдың басында орын алған «Ақтабан Шұбырынды» ұлы қайғысы мен қазақ халқының жоңғар халқымен болған соғысы көрініс табады. Тарих парақтарынан сыр шертетін шытырман оқиғада қазақтың ерлік көрсеткен ұл-қыздары мен батыр тұлғаларының болмысы бейнеленеді. Фильм соңында қазақ пен жоңғар тартысының аяқталуына ықпал еткен Аңырақай шайқасы көрсетіледі.

«Жаужүрек мың бала» фильмі жайлы ақпарат түсірілім жұмыстары басталмай жатып-ақ кеңінен таралып кеткен еді. Қазақстан бойынша өткізілген актерлерді іріктеу мақсатында ұйымдастырған байқауға 23 мыңнан астам үміткер қатысты. Түсірілім алаңына 500-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен шетелдік BBC World News, Reuters, Time, Screen International, The Los Angeles Times, The Independent, Sight&Sound, London Evening Standard, Hollywood Reporter, Variety сияқты әлемге әйгілі телеарналар мен радио тілшілері келді.

Қазақ тарихын бейнелейтін фильм 90 күнде түсірілді. Әуелі фильмнің түсірілімі Қапшағай аумағында өткен жылдың ақпан айында басталды. Көктемде Шарын шатқалында, кейін Қапал-Арасан өлкесінде түсірілді. Жаз мезгілінде түсірілім жұмыстары Қапшағай аумағында, Таңбалы Тас шатқалында жалғасты. Соңғы түсірілім жұмыстары Үлкен Алматы көлінде жүргізілді.

Басты кейіпкерлер мен жанама актерлердің костюмдері арнайы тапсырыспен көне бағыттағы үлгімен тігілген. Жоңғар мен қазақ сарбаздары үшін оқа-әшекейлер, қару-жарақтар, сауыт-саймандары мен ат-әбзелдерін отандық шеберлермен қатар, Британия, Қытай, Үндістан, Беларусь компаниялары арнайы жасаған. Тарихи картина шынайы шығу үшін барлық реквизитер көне үлгіде жасалған. Фильм түсіру жұмыстары басталмай жатып, барлық актерлер атқа жайдақ міну, қару-жарақтарды ұстау, садақ ату т.с.с өнерлерден дәріс алған.

«Ағайынды», «Ликвидатор», «Адасқан», «Рэкетир» фильмдерін жарыққа шығарған режиссер Ақан Сатаевтың бұл жобасы қазақ киносының дамуына сүбелі үлес қосатыны сөзсіз. Фильм бұрын-соңды тарихи жобаларды түсіріп көрмеген режиссердің тарихи тақырыптағы алғашқы қадамы. Әскери-патриоттық толықметражды экшн жанрының элементтері бар көркем фильм бюджеті 12 млн АҚШ долларын құрайды.

Қиын-қыстау кездерде өз рухы мен болмысын жоғалтпай, ел амандығы мен жер тыныштығы үшін өз өмірлерін пида қылған ұлы тұлғалар мен жастарының ерлігін ұлы махаббат сезімімен ұштастырған тарихи фильмге отандық кино және театр актерлері түскен. Отандық актерлермен қатар, фильмдегі эпизодтық рөлдерге монғол актерлері жұмылдырылған.

«Жаужүрек мың бала» фильмі – 2012 жылғы қазақ кинематограф саласындағы ең ірі әрі бірегей жобасы. Режиссер Ақан Сатаев түсірген бұл фильм мамыр айында көрермендер назарына ұсынылатын болады. Киносыншылардың айтуы бойынша, бұл фильм әлемдік экрандардан көрсетіліп, қазақ киносының мерейінің асуына ықпал етеді.

Суреттер: yvi.kz, kazakhfilmstudios.kz

19491 12
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 19 сәуір 2012, 10:40
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 10:58

ия, аты жер жарып кетті ғой бұл фильмің, қашан көрсетіледі? :roll:

+0
19 сәуір 2012, 14:44

Күтіп жүрмін

+0
19 сәуір 2012, 18:20

Басты рөлдегі актриса ұнап тұр және менің секс-символ актерім Берік Айтжанов ойнайды екен. Уау, уау!!! ))
Осы бар ғой иә, бұрын осылай жігіттер қырыла берген ғой. Сол үшін еркектерге бірнеше әйел алуға рұқсат берген шығар. :?

+0
19 сәуір 2012, 18:32

қазір де сондай заман біле білсең Анарка! тек басқаша сипатта :!:

+0
19 сәуір 2012, 18:33

Қандай сипатта?

+0
19 сәуір 2012, 18:38

менің дружбамды қабылдасай мэйл руда сосын айтам

+0
19 сәуір 2012, 19:04

Қазір де рұқсат ғой, тек мешітте неке қидыртып, загска тұрмау керек.

+0
19 сәуір 2012, 19:06

Онысын білем ғой. Просто қазір ондай қажеттілік жоқ дегенім ғой. Қыздарға жігіттер жеткілікті. Соңғы санақта солай деп статистика жасалған еді қателеспесем...

+0
19 сәуір 2012, 19:16

Жігіттердің 10 пайзы 90 пайыз қыздарға ұнайды. Қалған 40 пайызға 10 пайыз жігіттің назарынан тыс қалған қыздар тәубе етеді. Ал қалған 20 пайызға сол 40 пайыз да бұйырмаған қыздар шүкір етеді. Енді қалған 30 пайыз жігіттермен жүргенше біраз қыздар жалғыз жүргеніміз артық дейді.
Сонда қалай аударсаң да деффицит бола береді. Сан жағынан болмаса, сапа жағынан.

+0
20 сәуір 2012, 00:35

Жаксы кино болар. тек шындыкка бир табан жакын болса болганы хас батырларды корсетсе болар казактын баска арнага бурмай

+0
20 сәуір 2012, 09:01

жарнамасы көп болып кетті.

+0
20 сәуір 2012, 14:46

Барамын, амандық болса ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...