Оқи отырыңыз

Отан – оттан да ыстық

— Редактор бағаны —

Мама, сенің күйеу балаң...
Мама, сенің күйеу балаң...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Ақсақ құлан" - әйгілі мультфильм

"Ақсақ құлан" - әйгілі мультфильм

Қазақ мультипликациясының негізін қалап, қазақ мультфильмінің атасы атанған ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлттық өнер академиясының профессоры, режиссер-аниматор Әмен Қайдардың ерекше туындыларының бірі – «Ақсақ құлан» мультфильмі.

«Ақсақ құлан» мультфильмі тарихи оқиға мен аңыз-әңгімелермен байланысты туынды. Режиссер ой еркіндігін жол беріп, домбыра аспабының ішегінің санын беске жеткізді. Аңға шыққан баласы із-түзсіз жоғалып кеткенде, қаһарлы хан қаралы хабарды жеткізген жанды қатал жазалайтындығын айтады. Отты шайқастан кейін жары мен перзентінен айырылған қарапайым шаруа бейіт басында күй орындап, мұңын басады. Хан баласының өлімін жеткізуге жүрексінген уәзірлер домбырасын тартып отырған шаруаны сарайға алып кетеді. Күйші хан баласының өлімін жеткізу үшін қос ішекті қағып жіберіп, оқиғаны сазбен баяндай жөнеледі. Қаралы жағдайды естіген бойда, хан сертін бұзбастан хабаршы болған домбыра көмейіне балқытылған қорғасын құюды бұйырады. Ыстық қорғасын салдарынан домбыра ішектері үзіліп, аспап өзгеріске ұшырайды.

Мультфильмінің басты түйіні - ұлт аспабының бір ішегі саз төгіп тұрғанның өзі ол халықтың тірі екенін көрсету. Бұл шығармада ұлттық рухтың қашанда жоғары тұратындығы, домбыра сияқты киелі аспаптың құдіреттілігі айқын бейнеленген. Талай үлкен-кіші көрермен мультфильмнің желісімен есейіп, әлі күнге дейін бірнеше буын ұрпақ өкілдері тәлім-тәрбие алуда.

«Ақсақ құлан» мультфильмін белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев әуенмен әрлеп, Шәкен Айманов дыбыстаған болатын. Қазақ киносының саңлағы Әмен Қайдарды көрген сайын: «Міне, мынадай (шынашағының ұшын көрсетіп) мультфильмнің үлке-е-ен режиссері келе жатыр!» - деп әзілдейді екен. Расында да, Шәкен атамыздың сөзінің жаны бар. Кеңестік дәуірдің қитұрқы саясатынан жүрексінбей, Әмен Қайдар сол кезде «Ақсақ құлан» мультфильмі арқылы ұлттық ерекшелікке тән нағыз тәлімді бере білді.

Суреттер: nntt.org

10293 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 сәуір 2012, 15:29
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 18:30

керемет!

+0
11 сәуір 2012, 18:32

Бұрын күніне 10 рет көретінбіз осыны :D

+0
12 сәуір 2012, 11:04

Иә, бұрын осы мультикті жалықпай көре беретін едік қой. ))

+0
12 сәуір 2012, 14:40

жақсы ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Андроидқа қажетті бағдарламалар
Андроидқа қажетті бағдарламалар

Андроидқа қажетті бағдарламар каталогы.

Алматыда келіндерге тәлім-тәрбие беретін мектеп ашылатын болды
Алматыда келіндерге тәлім-тәрбие беретін мектеп ашылатын болды

"Келіндер мектебі" деген атаумен Алматыда арнайы орталық ашылғалы жатыр деп...

Үйлену тойын киіз үйде өткізу Англияда жаңа трендке айналды
Үйлену тойын киіз үйде өткізу Англияда жаңа трендке айналды

Қазақстандықтар тойларды аттап басқан сайын алдыңнан шығатын керемет...

"Махаббат" монологы

"Өлімнен қорықпау - ерлік емес, ерлік - өмірді қорғау"

Букинистің өмір мектебі
Букинистің өмір мектебі

Кітап. Өмір философиясы. Букинистің әңгімесі - жалғасы

Автор: Satirik 92
Неке – ең тәтті сезімдердің тоғысы
Неке – ең тәтті сезімдердің тоғысы

Жаңа отбасын құрып, ақ некесін қиып жатқан жастарға неке туралы бірнеше...


Соңғы аудармалар

Wheesung - Day and Night [kaz_sub]
Wheesung - Day and Night [kaz_sub]

Кореяда аты аңызға айналған, талантты әнші Хвисонның 2014 жылғы шығарған туындысы  - «Day and Night». Естеріңізге сала кетейік Хвисон өзінің ең алғашқы мансап жолын «А4» тобынан бастаған.  Бейнебаянда «Teen Top» тобындағы Кэп пен «Girl's Day» тобындағы Юра ғашықтардың рөлін...

Тәтті сезім/ Сладкое искушение/ Sweet Temptation [kaz_sub]
Тәтті сезім/ Сладкое искушение/ Sweet Temptation [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея Жанр: драма, комедия, романтика Жыл: 2015 Режиссер:  Lee Gi Baek Рөлдерде: Ын Чжон, Чжон Бо Рам, Пак Со Ен, Ким Си Ху, Су Джун Ен, Ли Чжун Мун,...

Lee Hong Ki - I'm Saying [kaz_sub]
Lee Hong Ki - I'm Saying [kaz_sub]

Ли Хон Ги / Lee Hong Ki – оңтүстіккореялық әнші және актер. 26 жасына дейін талай шыңдарды бағындырған Ли Хон Ги бүгінде «F.T. Island» тобының мүшесі. "Magic Kid Masuri",...