Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Титаник" фильмі жаңа форматта көрсетіле бастады

"Титаник" фильмі жаңа форматта көрсетіле бастады

Үлкен апатпен байланысты әлемге танымал бұл махаббат хикаясы өз көрермендерімен жаңа форматта қайта қауышады.

Алғашқы нұсқасы «Ең қымбат фильм» деп танылып, әлемдік рекордты жаңартқан болатын. 11 номинация бойынша «Оскар» жүлдесі мен «Алтын глобус» шарасының 4 жүлдесіне ие болған бұл фильм кинематограф тарихында өшпес із қалдырды.

Әйгілі кино. Әйгілі трагедия. Әйгілі махаббат хикаясы. Джеймс Камеронның романтикалық блокбастері XX ғасырдың ең үздік фильмдерінің қатарынан көрініп, мыңдаған көрермен қауымның ықыласына бөленді. Ал басты рөлдерді сомдаған Леонардо Ди Каприо мен Кейт Уинслет көрермендердің көзайымына айналды.

Жас суретші Джек пен ауқатты әулеттен шыққан Роза лайнерде кездеседі. Араларындағы таныстық үлкен махаббатқа ұласқан сәтте, кеме айсбергпен қақтығысып, қос ғашықты ажал айырады.

Әлемді дүр сілкіндірген айдындағы қайғылы оқиғаның 100 жылдығына орай, «Титаник» фильмі жаңа 3D форматта жарыққа шықты. Жаңа озық технологияларды пайдалана отырып, фильм авторлары көрермендерге аңызға айналған лайнер апатын сезіну мүмкіндігін беріп отыр.

Фильм тұсаукесері 27 наурызда Лондон қаласында фильм авторлары мен актерлерінің қатысуымен өткен болатын. Ресейдегі премьераға фильм авторы Джеймс Камерон арнайы келген.

Джеймс Камеронның айтуы бойынша, танымал фильмді жаңа форматқа көшіру үшін 18 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Көшіру жұмыстары 60 аптаға созылған. Күн сайын 300 адам жұмыс істеген.

Жаңа туынды бүгіннен бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Әйгілі оқиғаны жаңа форматта тамашалауға асығайық!

Суреттер: tvuniver.ru, kp.ru, pravda.ru

4564 16
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 12:30
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 12:53

оооооо, көру керек

+0
05 сәуір 2012, 13:01

Міндетті түрде көремін!

+0
05 сәуір 2012, 13:46

Мен де барамын!

+0
05 сәуір 2012, 13:49

Осы Титаникті мен көрмеппін ше ваще :lol: қызықпаппын ))

+0
05 сәуір 2012, 13:51

Мен де. Біресе басын, біресе соңғы жағын көріп қаламын. Бірде бір рет толық көрмеген екенмін :mrgreen:

+0
05 сәуір 2012, 13:54

сол ғой мендеде :D

+0
05 сәуір 2012, 13:58

Бәріміз бірге барайық та!

+0
05 сәуір 2012, 14:07

талай көріп, тіпті жылағаным бар :cry: жақсы болды, көру керек))))))

+0
05 сәуір 2012, 15:28

Барып келгендер айтындаршы калай екен...

+0
05 сәуір 2012, 17:12

Мен қанша көрсем де жалықпаймын осы фильмді

+0
05 сәуір 2012, 17:16

бір рет болса да толықтай қарасаңызшы, да же мен қарадым

+0
05 сәуір 2012, 18:51

Ана жері күшті. Суға түсіп кетеді ғой, сол кезде жігіт қызды бірдеменің үстіне шығарып жіберіп, өзі суық судың астында тұрады дірілдеп... Осы жері аянышты әрі сондай романтикаға толы сюжет :geek:

+0
10 сәуір 2012, 14:47

Адамдар суға құлап, денелері мұздап, өмір үшін жанталасып жатқан сюжеттерінде үнемі көзіме жас келеді. :cry:

+0
06 сәуір 2012, 00:47

Қорқынышты әйелге барғанша, осыған барайық та :)

+0
10 сәуір 2012, 17:56

Көп күттірмей достарымызбен барып келдік. :D Бұған дейін мен де толық көрмеппін. Керемет фильм! Әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Толық көрмегендерге толықтай көріп шығуға кеңес беремін, екі сөзбен айтқанда базар жоқ фильм :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...