Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Балкон" - шынайы пейілге толы фильм

"Балкон" - шынайы пейілге толы фильм

1988 жылы режиссер Қалықбек Салықов Олжас Сүйлеменовтың шығармасының желісімен «Балкон» фильмін түсірген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1989 жылдың сәуір айында өткен еді.

«Балкон» - 50 жылдардағы Алматының бір ауласының кейіпкерлері туралы көркем фильм. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар. Басты кейіпкер Айдар ата-анасынан ерте айырылған, әпкесі Жаннамен бірге тұрады. Жаннаның жолдасы соғыстан оралмаған.


Сұлтанов Айдар – ауланың бетке ұстар қарапайым бозбаласы. Сабағын аса құлшыныспен оқымаса да, үздік оқушылардың қатарынан көрінеді. Өзінің игі істерімен өзгелерге үлгі болатын жан. Тіпті,  жанындағы жолдастарымен ренжісіп қалғанда, ол үлкен дау тудырмай, сабырлық танытатын. Оның байсалдылығын құрмет тұтатын достары өз қателіктерін мойындайтын. Айдар болса, өз кезегінде достарына кешіріммен қарап, татуласатын.


Айдардың әпкесі Жанна жолдасын іздеп, күн сайын маршал Жуковтан көмек сұрап хат жазады. Әпкесінің бұл әрекеттерін қисынсыз деп таныған Айдар оған Монтгомериге хат жазу туралы кеңес береді. Айдардың пайымдауынша, Монтгомери Жаннаның жолдасын Германияда кездестіруі мүмкін. Алайда, бұл хат тасушы пошта қызметкердің мүлкіне айналып, «халық жауының» балалары баспанадан айырылуға шақ қалады.

Көрермен қауымға фильмнің атауы бірден түсініксіз болуы мүмкін. Алайда, фильмнің «Балкон» деп аталуында бір гәп бар. Фильмнің кейіпкерлері өз заманына әрқилы қарайды. Аула тұрғындарының өмірге деген көзқарастары әр түрлі. Фильмге Исмаил Игильманов, Юрий Горошевский, Карина Зибагуль, Валентин Никулин, Анатолий Равикович, Владимир Толоконников, Ирина Ажмухамедова, Райхан Айткожанова, Ольга Сошникова, Валентин Черных, Антанас Сургайлис сынды кино және театр актерлері түскен.


1990 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық «Дебют» кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Дәл сол жылы Түрікмен астанасы Ашхабад қаласында өткен Орта Азия елдері мен Қазақстан Республикасы кинофестивалінде «Фестивальдің үздік фильмі» аталымында жеңімпаз болып танылып, дипломмен марапатталды.


Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында, кейбір сәттері Шымкент қаласында жүргізілді. Атақты балкон орналасқан ғимарат қазіргі Бөгенбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.

«Балкон» - шынайы пейілге толы фильм. Бұл туынды адам баласын ұлт пен ұлысқа, дін мен тілге, жыныс пен жұмысқа бөлмей, барлығына ортақ қарауға, үлкен мейірімділік танытуға жетелейді. Алғаш көрген жан фильм астарына зер салып, мәнін тереңірек түсінуі қажет.

Суреттер: alatoday.info, ct.kz

1026 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 29 наурыз 2012, 11:01
Пікірлер
+0
29 наурыз 2012, 12:42

Исмаил Игильманов қазір Х-факторда әділқазы болып жүр ғой. Алдында осы кісіні қайдан көрдім деп ойланып едім, осы фильмнен екен ғой.

+0
30 наурыз 2012, 03:10

Балалық шақтан қалған бір елес. "перестройка" заманының тентек киносы, бүгінде сол кезеңдегі өзекті тақырыптар толеранттық пен плюрализмді насихаттаған бұл фильм әр-түрлі "трактовкаға" (түсініктерге) арқау болар бірақ бала көңілде Айдар, анау шартық бала (есімі есте жоқ) және жынданған суретші мүмкін ақын бейнелері жасөспірім санада жарқын образ ретінде қалған кәзіргі ұлтшыл,ұлжанды нанымнан тыс.

+0
01 сәуір 2012, 13:50

"Балконның" әсерін айтып жеткізу қиын. Көргің келе береді. Сол кезеңде Алматыда өмір сүргендей әсерде боламын. Алматының ретроаудандарынан Айдардың елесін іздегің келеді. Басты рольге актер таңдаудағы шеберлікті мойындайсың. Бір энтузиастың кәсібіне адалдығы мың жылға азық боларлық!

+0
01 сәуір 2012, 17:55

Айтпақшы, ана балконды тауып алам ертең. Алматыға алғаш келгенде соны іздеп, Алтын квадратты жиі аралап, таппағанмын.

+0
02 сәуір 2012, 09:21

Тапқан соң, бізге айтасыз ғой :arrow:

+0
02 сәуір 2012, 09:28

Ғазиза, адресі жазылып тұр ғой, постта, авторға рақмет!

+0
02 сәуір 2012, 09:30

Өзім жазып, өзім көрмейді дейсіз бе?! :mrgreen: Барып келген соң, көрген-білгеніңізді жазасыз ғой деген ниетім болған

+0
20 сәуір 2012, 09:04

осы әртістер қайда екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...