Тұрсынов комедия түсірмек

Тұрсынов комедия түсірмек

Қазақстандық белгілі режисер Ермек Тұрсынов "Как получилось? Или форс-мажор по-казахски" атты фильм түсірмек. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

«Жаңа фильмнің кастингі таяу уақытта басталады. Осы картинада мен Михаил Жванецкийдің, Аркадий Райкиннің немесе Андрей Мироновтың фильмдеріндегідей бейкүнә әзіл жасаймын. Адамның өзіне өзі сондай шынайы әзілмен қарай білуіне назар аударамын» - дейді Ермек Тұрсынов. Кинорежисер бұл фильмде кімдердің басты рөлдерді сомдайтыны жайлы тіс жармады. Десек те, фильм продюсері Қанат Төребай екені анықталды.

Ермек Тұрсынов, кинорежисер:

Фильмде әзіл де бар, драма да бар. Кино бүгінгі өмірді бейнелейді. Көрерменге теледидардағы қай жерде күлу керек екенін айтатын әзілдер маған ұнамайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: madeniet.kaztrk.kz

А. Құлтай