"Джобс" фильмінің шығу күні анықталды

"Джобс" фильмінің шығу күні анықталды

Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс жайлы биографиялық драманың әлемдік премьерасы өтетін күн анықталды. Ол ағымдағы жылдың тамыз айы болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, аталған фильмнің тұсаукесері бұдан бұрын 19 сәуір күніне жоспарланған болатын. Алайда, фильм продюссерлері оны белгісіз уақытқа кейінге қалдырған еді.

«Джобс» деп аталатын лента кинотеатрларда 16 тамыздан бастап көрсетіле бастайды деп хабарлайды JustJared порталы. Қаңтар айында фильм Парк-Ситиде өткен «Сандэнс» фестивалінің жабылу салтанатында көрсетілді және Apple-дің негізін салушылардың бірі Стив Возняк картинаға көңілі толмағанын айтқан болатын.  

Қалай болғанда да, 2011 жылдың қазан айында (56 жасында) көз жұмған Стив Джобстың талантын құрметтейтіндер мен Эштон Катчер өнеріне тәжім етушілер бұл фильмді асыға күтуде. Аталған фильмнің түсіріліміне сонымен бірге Дермот Малруни, Джеймс Вудс, Лукас Хаас, Дж. К. Симмонс, Мэттью Модайн  және Ана О’ Райли сынды актерлер қатысты.

Дайындаған:Ерғали Елдос

Сурет: 7days.ru/

Ж. FM