Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Шәкен Жұлдыздары - 2013" кинофестивалінің жеңімпаздары кімдер?

"Шәкен Жұлдыздары - 2013" кинофестивалінің жеңімпаздары кімдер?

XI Халықаралық «Шәкен Жұлдыздары - 2013» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды. Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша қорытынды төмендегідей:

Жас кинематографшылардың бас жүлдесіне иран режисері Панахбарход Резаидың «Қызы...әкесі...қызы» ("Дочь...отец...дочь") кинокартинасы ие болды.

«Шәкен Жұлдыздары - 2013» кинофестивалі Дирекциясының жүлдесі қазақстандық режисер Мірғалым Есіркеповке «Жоғарыға үш қадам» ("Три шага вверх") кинокартинасы үшін табысталды.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі Айнұр Исмаиловаға "Көке" ("Отец") кинофильмі үшін табысталды.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының арнайы жүлдесі Әлия Мұстафинаға бұйырды. Осы арқылы оған «Қазақфильм» киностудиясының жетекшілігімен қысқаметражды туынды түсіруге жол ашылды.

«Үздік фильм» атағы жапон режисері Тацуо Ямамотоның «Камихате тауындағы дүңгіршек» («Магазинчик на горе Камихате») кинокартинасына берілді.

«Үздік студенттік жұмыс» деп режисер Базир Сираттың «Кішкентай Ауғанстан» ("Маленький Афганистан") кинофильмі танылды.

«Үздік анимациялық фильм» деп ресейлік кинорежисер Антон Дьяковтың "Костя" кинофильмі танылды.

«Үздік  қысқаметражды фильм» деп Родион Исмаиловтың «Менің жұртым» («Моя родня») атты Ресей мен Әзірбайжан еліне ортақ кинолентасы танылды.

Қазылар алқасының құрамында Жан Руа, үндістандық актер әрі режиссер Джавед Джафри және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай болды.

Жыл сайын әділ-қазылар құрамына отандық және шетелдік кино саласындағы танымал тұлғалар қабылданады. Осы уақытқа дейін бұл құрамда Александр Митта, Лейла Аранышева, Ханс-Йохим Шлегель, Наталья Аринбасаровалар болған еді.

«Шәкен Жұлдыздары - 2013» кинофестиваліне келген құрметті қонақтардың ішінен ұлыбританиялық режисер Питер Гринуэй, АҚШ киносының жұлдызы Майкл Мэдсен, польшалық актриса Барбара Брыльска, ресейлік режисер Егор Кончаловский, ресейлік жазушы-сықақшы Михаил Задорнов, француздық актриса Мишель Мерсье және тағы да басқа өнер жұлдыздарын байқауға болады. 

Байқауға қатысқысы келетінін білдіріп, іріктеу комиссиясына әлемнің 31 елінен 450-ден аса өтініш түскен. Бірақ байқауға солардың ішінен 54 кинофильм таңдалған. Қазақстан кинобайқауда сегіз кинокартинаны ұсынды. Олардың ішінде Айнұр Исмаилованың «Әкесі», Бауыржан Жаханұлының «Кім кінәлісі» мен Мұрат Біләлұлының «Суретшісі» бар.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: season.kz

1338 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 19:50
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 19:22

Біздікілер сыйлықсыз қалмапты

+0
07 маусым 2013, 15:35

йаа :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...