Қай қала кинопрокаттан ең көп табыс табады?

Қай қала кинопрокаттан ең көп табыс табады?

Былтырғы жылы кинопрокатшылар 10 миллиард теңге тапқан болатын. Ranking.kz сайты 420 мың киносеанс бойынша 12 миллион билет сатылғанын хабарлап отыр. Бұл киноға деген сұраныстың бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өскендігін көрсетеді. 2011 жылмен салыстырғанда кинотеатрлар билет сатылымын 2,5 милионға көбейтіп отыр. Ал киносеанстар саны 60 мыңға дейін өскен.

Сонымен қатар, халықтың отандық киноға деген қызығушылығы да өскен. Әр оныншы киносеанс – ұлттық кинофильм. Қазақстандық кинорежисерлер миллионнан аса көрермен жинады. Соның ішінде отандық кинофильмге билет алып, тамашалайтын халықтың ең көбі – алматылықтар.  Алматылық көрермендердің нәтижесі 44%-ды (478,5 мың) көрсетеді.

Ал Астана қаласы 12%-ды (132,2 мың) құрайды. Оның ішінде отандық кинофильмдерді кинотеатрлардан тамашалаудан - 9,8 мың киносеанс көрсетілген. Ал екінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Олар - 8,9 мың киносеанстен тұратын отандық кинофильм көрсеткен.

Жалпы, отандық кинофильмдерге ең «адал» өңір – Жамбыл облысы. Облыста әр киносеанстан кейін бір-бірден қазақстандық режисерлердің отандық кнофильмдері көрсетіліп отырған.

Кинопрокатта ең көп табыс тапқан қала – Алматы. Жалпы Қазақстан бойынша Алматы қаласы 3,9 миллиард қаржы жинады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: o-piterburge.ru 

А. Әбілхан