Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Қап, бәлем, тұра тұр!»

«Қап, бәлем, тұра тұр!»

«Қап, бәлем, тұра тұр!»

Олар бізге бұрыннан таныс. Біріншісі – кең балақты шалбар киіп, жейдесінің етегін шығарып алып өзінше шіреніп жүрген қасқыр. Екіншісі – кішкентай болса да қулығы қасқырдан басым сақ құлақ қоян. Бұл мультфильм  «Союзмультфильм» киностудиясының ең үздік туындыларының бірі.

Қоянның соңынан қуа жөнеліп, талай қақпанға түсетін, ол қақпаннан шығып енді ұстадым ба дей бергенде тағы да сүрінетін қасқырдың бірде-бір рет айызы қана алмады-ау. Ол бәрібір қу қоянды уысына түсіре алмады.

«Қап, бәлем, тұра тұр!» - көрерменнен бағасын алып үлгерген ұлы туынды. Екі басты кейіпкердің бітпейтін шайқасы қаншама сериалға жалғасты десеңізші.

«Қап, бәлем, тұра тұр!» мультфильмін жарыққа шығару арқылы авторлар балаларға жақсы мен жаманды, мейріміділік пен зұлымдықты айқын ажыратып бергісі келді. Сондықтан фильмнің екі кейіпкерін бір-біріне қарама-қарсы хайуанаттар етіп алды. Қасқыр ертеден-ақ қарынның қамы үшін қандай да қастандыққа баратын жағымсыз кейіпкердің рөлінде сомдалып жүрді. «Қап, бәлем, тұра тұр!» мультфильмі жарыққа шықпай жатып-ақ барлық халыққа ортақ ертегілерде қасқыр осы образды ойнап келді. Бірақ бұл қатарға көк бөрілер туралы аңызды қосып тұрғанымыз жоқ. Ол өзінше бөлек әңгіме. Мультфильм өз мақсатын орындап шығу үшін жағымсыз рөлді қасқыр еншілеп алды. Ал қоян осыған керісінше рөлді сомдады. Кіп-кішкентай қорғансыз сақ құлақ қоян өзінің дәрменсіз халімен де талай қақпаннан аман қалады. Қасқырдың асқазанына барар жолға түсіп кетпейін деп әбден алысады. Осы арқылы ол көрерменге күлкі сыйлайды. Жатыпішер қасқыр ешқандай кінәсіз қоянды қос құлақтан шап беріп ұстап ап, бір сәтке болса да қарнының қамына пайдаланбақ. Бірақ мұндайға тыныш қарап тұратын қоян ба? Қоянға да жан керек. Зырылдап жүріп-ақ қасқырдың жазасын беріп, сазайын тартқызады да жүреді.

Әйткенмен бүгіндері қасқыр мен қоянның қызығын қыздырып жүргендер ол кезде осы мультфильмді жарыққа шығаруға аса құлық таныта қоймаған. Кеңестік «Союзмультфильм» киностудиясының режисерлері бұл жобаны алғаш тұтымы жоқ дәмсіз сценарий көрген. Қасқыр мен қоянның бітпейтін айқасы көрерменге өтпейді деп ойлаған. Бірақ осы мультфильмді қалай да жарыққа шығаруға тырысқан тек Вячеслав Котеночкин ғана болды. Ол сценарист Курляндскийге мултьфильмді өмірге әкелу үшін ат салысуын сұрады да, бірден іске көшті. Олар сценарий жазу арқылы өздері де осы кейіпкерлермен бірге өмір сүріп, бірге күн кешкендей болды. Кейіннен Курляндский сценаристердің осы дүниені өмірге әкелу барысында әбден күлкіден ішектері түйілгенін айтады. Алдымен қасқырдың даусын дыбыстау үшін Высоцкийді, сосын Анатолий Папановты шақырған. Оның даусы да, қуанышқа орай, қасқырдың жексұрын образына дәл келе қалған. Ал қоянды Клара Румянова дыбыстаған.


 

Қасқырды дыбыстаған - Анатолий Папанов

   

Қоянды дыбыстаған - Клара Румянова

Бірінші прокатынан-ақ «Қап, бәлем, тұра тұр!» мультфильмі ерекше танымалдылыққа ие бола бастады. 1969 жылдан бастап оның әр жыл сайын жаңа бір сериясы жарық көріп отырды. Әйткенмен мультфильмнің соңына Котеночкин «Фильмнің соңы» деп қанша жазып, аңыз туындыға қанша рет нүкте қоймақ болса да, оны көрермен құп көрмеді. Оның келер санын тек балалар ғана емес, үлкендер де асыға күтті.

«Қап, бәлем, тұра тұр!» - сол кездегі хал-ахуалдың тарихы әрі жетпісінші жылдардың айнасы. Алғашында ешқандай да сценарист көзге ілмей, жақтырмаған жоба бүкіл бір ғасырдың туындысына айналып үлгергені анық. Көгілдір экраннан көрермен жинақы бір кейіпкерлерді көре алды. Қала көшелерінде қаңғыған қасқырлар бүгіндері де жоқ емес. Қоғамда қасқырлардың қақпанын қашып құтыла алмай жүрген қояндар да көп.

Бұл туынды жайлы айтып тауысу мүмкін емес. Оны қаншама рет көріп, жаттап алған да көрермен аз емес. Бірақ олар ешқашан оны қайталап көруден бас тартпайды.

1993 жылы қасқырды дыбыстап жүрген Анатолий Папанов өмірден өткен соң, мультфильмнің он жетінші және он сегізінші сериялары жарыққа шықты. Ал 2000 жылы мультфильмнің режисері Вячеслав Котеночкин қайтыс болды. 2004 жылы қоянның нәзік даусын дыбыстап жүрген Клара Румянова да өмірден өтті. Осылайша, «Қап, бәлем, тұра тұр!» атты классикалық мультфильмнің авторлары да өз ғасырының ізімен қайтпас жолға түсіп, кете барды.  

2006 жылы атақты туындыға соңғы нүкте қойылды. Минск қаласында «Листопадик» атты VIII халықаралық балалар және жасөспірімдер киносының байқауында мультфильмнің соңғы он тоғызыншы және жиырмасыншы сериялары көрсетілді. Артынша қасқыр мен қоянның «зейнеттік жасқа шыққандығы» туралы хабарланды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: krugosvet.ru, yes.com.ru

2804 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 29 мамыр 2013, 17:11
Пікірлер
+0
29 мамыр 2013, 17:03

Саясаттың иісі аңқып тұрған мультик деп ойлаймын.

+0
29 мамыр 2013, 17:32

Жалықпай көре бересің ғой осыны.

+0
29 мамыр 2013, 17:37

как Том и Джерри

+0
29 мамыр 2013, 20:04

жарыласың күлкіден

+0
30 мамыр 2013, 04:17

ең алғаш рет зообаққа барғанда "Мынау - қасқыр" дегенге сенбей қойғам "Нупагадидегіге дым да ұқсамайды" деп )))

+0
31 мамыр 2013, 08:18

Әлі күнге көрем жалықпай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...