Marvel «Блэйд» франшизасын қайта шығарады

Marvel «Блэйд» франшизасын қайта шығарады

Marvel киностудиясы «Блэйд» танымал франшизасын қайта шығармақ ниетті. Бұл туралы kinonews.ru порталы The Holywood Reporter басылымына сілтеме бере отырып хабарлайды.

Белгілі болғандай, фильм сценариі жазылып жатыр. Десек те, бұл жобаның қашан шығатыны белгісіз қалып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Marvel бұл персонажды иемдену құқығын алған болатын. «Блэйд» 1998 жылы шығып, оның басты кейіпкері Уэсли Снайпс болған еді. «Блэйд» - жартылай адам, жартылай қанішер. Ол бала кезінде шешесін өлтірген қанішерлерден кегін қайтарады. Мистикалық боевиктің сиквелы «Блэйд 2» 2002 жылы шыққан болатын. Бұл фильмде Блэйд алғашқы фильмде өзіне-өзі қол жұмсап, тірі қалған өзінің ұстазын іздестіреді.   

Екі жыл өткен соң – 2004 жылы фильм триквелы жарық көрген – «Блэйд 3: Үштік» («Блэйд 3: Троица»). Боевикте Уэсли Снайпс, Крис Кристофферсон, Доминик Пёрселл, Джессика Бил және Райан Рейнольдс секілді танымал актерлер рөл сомдаған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: meloman.kz

А. Құлтай