2013 жылы шығатын фильмдер #1

2013 жылы шығатын фильмдер #1

2013 жылдың 23 мамыр күнгі премьералар:

Форсаж 6 (The Fast and the Furious 6)

Жанр: боевик, оқиға, детектив, триллер

Режисер: Джастин Лин 

Сценарий: Крис Морган 

Продюссеры: Вин Дизель, Нил Х. Мориц

Оператор: Стивен Ф. Уиндон

Рөлдерде: Вин Дизель, Пол Уокер, Джордана Брюстер, Тайрез Гибсон, Дуэйн Джонсон

Бас кейіпкерлер Дом (Вин Дизель) және Брайн (Пол Уокер) Рионың үлкен қылмыстық тобына қарсы әрекеттен соң қашып кетеді. Олардың қолындағы 100 миллион ақшаның өзі үйге қайту туралы ойдан маңызды болмай қалады.

Дәл осында Хоббстан (Дуэйн Джонсон) ұсыныс келіп түседі. Ол жалданып жұмыс жістейтін көлік жүргізушілерден құралған халықаралық ұйымның соңына түседі. Сол ұйымда бұған дейін өлдіге саналып келген адам бар. Ол Домның сүйіктісі Летти Ортис (Мишель Родригес). Хоббс олардың криминалдық әрекеттерін жолдан қимақ болып, Домнан командасын қайта жинауын өтінеді.

«Өтірікшінің автобиографиясы» ("Автобиография Лжеца") 3D

A Liar's Autobiography - The Untrue Story of Monty Python's Graham Chapman

Жанр: анимация, комедия

Режисерлер: Билл Джонс, Джефф Симпсон, Бен Тимлетт

Сценарий: Грэм Чэпман

Продюссерлер: Билл Джонс, Бен Тимлетт

16 жастан асқандарға арналған

Анимациялық оқиғалардың 3D жиыны Грэм Чапменның "Монти Пайтон" туындысының  «Өтірікшінің автобиографиясы» ("Автобиография Лжеца") атты кітапшасының желісінде түсірілген. Грэм Чапмен ісі ауруынан 1989 жылы қайтыс болған.

«Мен өте ынтықпын» (Я очень возбужден)/(Los amantes pasajeros)

Жанр: комедия

Режисер: Педро Альмодовар 

Сценарий: Педро Альмодовар

Продюссерлер: Агустин Альмодовар, Эстер Гарсиа

Оператор: Хосе Луис Алькайне

Рөлдерде: Рауль Аревало, Антонио Бандерас, Пенелопа Крус, Хавьер Камара, Антонио де ла Торре

Мексикаға бағыт алған лайнер рейсі. Мұхиттың дәл ортасына келгенде әуе кемесінің командирі ұшақтың бұзылғанын біледі, интернет істен шығады, барлық құрылғылар істемей қалады. Өлімге қарай беттеген жолаушылар ән айтып, би билегеннен басқа ештемеге әлдері келмейді.

Терезесі солтүстікке қараған пентхаус (Пентхаус с видом на север) / (Penthouse North)

Жанр: триллер

Режисер: Джозеф Рубен

Сценарий: Дэвид Лафери

Продюссерлер: Майкл Бэйкер, Дэвид Лафери, Роберт Мензис, Джозеф Рубен, Джефф Сэкман

Оператор: Крис Сигер

Рөлдерде: Барри Слоун, Тимоти Пол Кодерр, Майкл Китон, Мишель Монаган, Эндрю В. Уокер

Сара есімді қыз (Мишель Монахэн) фототілшілік қызметте. Төтенше жағдайды басынан өткерген соң ол зағип болып қалады. Ол жер-әлемге деген зұлымдығын сақтап Нью-Йорктегі пентхаусында жабылып алады. Оның жалғыз ғана сөйлесер адамы – Райан (Эндрю В. Уолкер). Райан оған рухани дем береді. Кенет пәтерге екі қанішер қылмыскер келеді (Майкл Китон, Бэрри Слоун). Олардың мақсаты үйде жасырылған қымбат заттарды тонау. Басты кейіпкерге өмірін сақтап қалу үшін сыртқы әлем алдында қорқыныш пен басқа да сындардан өту керек болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: on.kz

А. Құлтай