Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Француз режиссері Астана жайында кино түсіргісі келеді

Француз режиссері Астана жайында кино түсіргісі келеді

Француз режиссері Астана жайында кино түсіргісі келеді

Қазақстанда кино етіп түсіруге тұрарлықтай көп дүние бар. Француз режиссері әрі актері Филипп Лелуштің біздің ел жайлы ойы – осы. Филипп Лелуш бұл сөзін Алматыда өткен «Бүгінгі француз киносы» шарасында айтты.

«Қазақстанда қонақ болған осы екі күн ішінде көрерменге көрсетуге және айтуға тұрарлықтай талай тарихи дүниені кино етіп түсіруге болатындығына көз жеткіздім. Солардың ішінде қарапайым ғана тарихи оқиға ретінде жаңа Астана жайлы кино түсіруге болады», - деді Филипп Лелуш журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар режиссер жақсы сценарий табылса, еліміздің бас қаласы туралы кино түсіруге білек сыбана кірісетінін айтты.

«Өзгелерді өз елінде басындырмау үшін сіздердің президенттеріңіз жаңа  қала тұрғызды. Мысалы, неге осындай ойды өрбітпеске? Оқиға фильмнің негізі ретінде жалғаса береді. Мұндай жайттар біздің жан-жағымызда да орнап жатыр ғой», - деп толғанады режиссер.

Филипп Лелуш кинобизнес саласында 14 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол өз өнер жолын актерлік шеберліктен бастаған. Филипп осы уақытқа дейін 11 рет сәтті рөл сомдап шықты. Режиссер елімізге өзінің жаңа «Күткен (Күтпеген) қонақ» («(Не) Жданный принц») атты кинофильмінің тұсауын кесу үшін келген. Фильмдегі басты рөлде Венсан Перес ойнайды. Режиссердің ойынша, танымал фильм түсіру үшін ең алдымен қомақты қаржы керек. «Табыс сән қуатын емес, оны өзі ойлап табатын авторды күтеді», - дейді режисер.

Сонымен қатар режиссер Филипп: «Кез келген режиссер өзі айта алатын оқиғаны таба білуі керек. Ал мұнда ондайлар жетерлік. Сіздерге қазаққа тән оқиғаға ғана көңіл аударуға тырысу керек. Сіздерге америкалықтардың киносына еліктемей-ақ қою керек. Бәрібір үлгермейсіздер: оларда техника дамыған және олардың ақшалары көбірек. Голливудты қуып жету қиын. Қуып жетудің де, еліктеудің де керегі жоқ. Әр режиссер өзінше жаңа дүние алып шығуға талпынуы керек», - деп түсіндірді.

Режиссердің сөзінше, Қазақстан, оның ішінде Алматы сан түрлі ұлт пен мәдениеттің қайнаған ошағы. Дәл осы көпұлттылық арқылы кино әлемінде қанат жаюға әбден болады. «Мен өзіме ұлт ретінде нағыз қазақ қалай болар екен деп сұрақ қоямын. Міне, осының өзі-ақ ойландырады», - деп қорытындылады сөзін Филипп Лелуш.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: news.mail.ru

927 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 23 сәуір 2013, 11:13
Пікірлер
+0
23 сәуір 2013, 13:10

Қазақстанға франуздың қазақтары келсе ғой. Еуропаның жарқын мәдениетін ала келетін еді

+0
03 мамыр 2013, 21:03

Еуропада жарқын мәдениет деген түсінік басқа бізден, олардың мәдениет деген ұғымдары басқа, сондықтан ол жақтағы Қазақтар мәдениетті Қазақ болып емес Мәдениетті франсуз болып келе алады, ал бізге Мәдениетті Қазақ керек, Мәдениетті Қазақтар көп емеспе өзімізде, тек олардың билікте жоқтығы болмаса...

+0
23 сәуір 2013, 13:16

көрелік, астана-француздың көзімен

+0
03 мамыр 2013, 21:04

Француз дегенім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...