Жұмысқа сөйлесуге барғанда мына үш сұрақты қоюды ұмытпаңыз

Жұмысқа сөйлесуге барғанда мына үш сұрақты қоюды ұмытпаңыз
Фото: massaget.kz

Қазіргі жаһандану уақытында адамдарды белгілі бір деңгейде біліміне қарап жұмысқа қабылдайтын болған. Жұмыс беруші ең алдымен түйіндемеге мән беріп, кейіннен өзінің бірнеше сұрағын жұмысқа қабылданушыға қояды. Барлығы біткеннен кейін міндетті түрде "Басқа сұрағыңыз бар ма?" деп әңгімені тәмамдайды. Көптеген адам осы тұста қолын алып, басын шайқап кері кетеді. Психолог мамандардың айтуы бойынша, мұндай әрекет сіздің болашақ бастығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан диалогты аяқтамастан бұрын мына үш сұрақты жұмысқа қабылдайтын тарапқа қоюды әдетке айналдырыңыз.

Компания жұмысшыларының мәдениеттілігі қандай? Бұл сұрақ сіздің белгілі бір дәрежеде өз орнын білетініңізді көрсетеді. Сонымен қатар мамандардың қарым-қатынасы жақсы ма, жаман ба, бұл да сіздің алғашқы жұмыс орныңыз туралы аз-кем мағлұмат болады. Барлығын мұқият тыңдағаннан кейін, бұл жұмыс сізге ұнай ма, соны шешіп алғаныңыз абзал.

Әдетте көптеген адам тұрақты бір қызметті жасап жалыға бастаған уақытта өзге бір ерекше жұмыс іздей бастайды. Қолына түйіндемесін толтырып, жаңа жұмысқа бас сала кіріскенде өзінің бұрынғы жұмысынан айырмашылығы жоқ екендігін кеш түсініп жатады. Сондықтан бұл қызметтегі адамдардың бір күні қалай өтетіндігі сізге маңызды болуы тиіс. 

Барлығы сәтті аяқталып енді қашан хабарласатынын күту шыдамсыздық пен күйзелісті тудырады. Сондықтан сұхбат аяқталған уақытта қай уақытта жауабының дайын болатынын, мүмкін болса хабарласатын уақытына дейін біліп алғаныңыз абзал. Егер барлығының сәтті екеніне сенімді болсаңыз, келезі кезең туралы да қорықпай әңгіме қозғай беріңіз. Өзіне сенімді болған жандарды басшылық жоғары бағалайды. 

B. ZHAQSYMBET