Атақты болу: атақ па әлде шатақ па?

Атақты болу: атақ па әлде шатақ па?
Фото: Обои для рабочего стола

Адам қоғамдық ортада өмір сүргеннен кейін ақша, атақ, абырой, мансап деген сынды белгілі бір қажеттіліктерге тәуелді болады. Бұл рухани құндылықтың бағалары емес, бірақ керекті дүниелер. Шыбық күннен өсіп, еңбек сүйген адам абыройлы, асқақ болады. Ел мақтаған адамның мерейі үстем. Бірақ абырой басқа, атақ басқа. Ал осы атақты болу қаншылықты зиян және пайдалы.

Атақты болу атақ па?
Атақты болу – таяқтың екі ұшымен келетін жетістік. Бірі жаман, бірі жақсы. Атаққа жеткен адамның өзгеруі заңдылық. Себебі сіз бұрынғыдан өзгерек аударылған назарды байқайсыз.
 Тіпті сізді құрмет тұтып, сырттай бақылайтын жандар да табылады. Ал жұрт сізді сөз еткен сайын, мақтап, мадақтап аспанға әуелеткен сайын көкірек көзіңіз кеңейіп, биіктей бересіз. 

Атақты болудың ең бірінші белгісі – ел аузында жүресіз. 
Атақты болу үшін біреу тас шайнап, құм жұтуы мүмкін. Бұл еңбекпен келетін дүние. Ал біреулер үйінде отырып қана атақты болып кетуі мүмкін. Аяқ асты келген бап емес бақ деп таныған жөн. 
Атақты болу жақсы. Көпшіліктің ортасында жүру, сізді елеп-ескеруі, сізге деген адамдардың фанаттық белгілері көрініс беруі, сырттай сізді мақтаныш тұтуы керемет сезім.

Бірақ... 
Атақты болуы шатаққа да толы екенін ұмытпаңыз. 
Сіздің артыңыздан емес атағыңыздан артынан еретін сөздің көбі – өсек. Ал ол сізді тек жақсы жағынан көрсетпейді. Жаман жағыңызды да түгендейді. Тіпті жақсылығыңыз жолда қалғанша сөз етуі мүмкін. 
Өзіңізге деген қажеттілік жетісіп, адамдар арасында даңққа ие бола бастаған сайын өткенге оралуды ұмытасыз. Адамдарға деген көзқарасыңыз өзгереді. Ең жаманы достар арасында жік пайда болуы да ғажап емес. Тіпті ағайын арасында өзіңізді жоғары қойып сөйлей бастайсыз. Мұның бәрі сіздің қалауыңыз емес, бірақ атақтың киесі ұрса, сізді дәл осы жолға бастары анық. 

Жүрген жеріңіз, киген киміңіз, ішкен-жегеніңіз де назарда болады.
Әрбір басқан қадамыңыз есепте. Аңдушыларыңыз сізді аяқтан шалуға асығады. Өйткені атақты болу сіздің өзгеден биік болғаныңыз. Ал биіктікті ұната бермейтіндер қоғамда жеткілікті.

Қорыта айтқанда екі жақтың да көңілін таба білу керек. Бір жағына ауып кеткен кеме суға батары анық. Ал оны ұстау үшін тепе-теңдік керек. Атақты болғанға қарағанда жай ғана абыройлы болыңыз!  

М. Ақан