Өнер жұлдыздары бір күн Ұлттық музейде экскурсия жүргізеді

Өнер жұлдыздары бір күн Ұлттық музейде экскурсия жүргізеді
Фото: tengrinews.kz

28 ақпанда сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қазақстандық танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдызды гид» жобасы өтеді, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

Шарада отандық өнер жұлдыздары Ұлттық музейге келушілерге арнайы экскурсия жүргізеді. Музей қонақтары әншілер мен актерлерді экскурсия жүргізушісі ретінде танып, өздеріне қажетті ақпараттар ала алады.

«Жұлдызды гид» жобасы барысында музейдің Алтын залын - әнші  Алтынай Жорабаева, Тарих залын - актер  Әділ Ахметов, Тәуелсіз Қазақстан залын - әнші  Индира Расылхан, Этнография залын  - актер  Қуандық Қыстықбай, Астана залын  - әнші Шахаризат Сейдахмет таныстырады. Шара соңында келушілердің назарына жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерт ұсынылады. 

Жобаның мақсаты - Ұлттық музейдің қонақтарына қызықты экскурсия ұсына отырып, тарихы терең мұраларымыз бен құнды жәдігерлерімізді насихаттау. 

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік