Мектеп оқушысы 1,5 миллион доллар тұратын картинаны бүлдірді

Мектеп оқушысы 1,5 миллион доллар тұратын картинаны бүлдірді
Фото: www.youtube.com

Тайланд елінің мектеп оқушысы «Images of a Genius» көрмесін тамашалап жүрген кезде құны бір жарым миллион тұратын картинаны абайсызда жыртып алды. 350 жылдық тарихы бар картинаны атақты Паоло Порпора есімді италиялық суретшісі салған.

Бала көрмені тамашалап жүрген кезде құлап кетіп, байқамай картинаны қолымен іліп кеткен. Баланың бақытына орай, көрме ұйымдастырушылары оның отбасынан ешнәрсе дәметпеді, себебі, картина сақтандырылып қойылған екен. Картина зақымдалғаннан кейін көрме басшылары оны реставрацияға жіберген.


Н. Нұрмаханұлы