"Qazaq Quartet" квартеті Италияда өткен халықаралық байқауда лауреат атанды

"Qazaq Quartet" квартеті Италияда өткен халықаралық байқауда лауреат атанды
Фото: tengrinews.kz,

Алматылық "Qazaq Quartet" квартеті Италияда өткен халықаралық байқауда лауреат атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Квартет құрамында Тимур Таланов, Эльдар Айтбеков, Әділет Абдрахманов және Зарина Сүгірова секілді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері өнер көрсетеді.

"Біз квартет болып ақпан айынан бастап ойнаймыз. Оның құрылуы осы Италиядағы байқауға байланысты болды. Құрамаға өз ісінің хас шеберлері ғана шақыртылды. Ұжымымыз жас болғандықтан, мұндай айтулы додада алғаш рет жүлдегер атанып отырмыз, бастамамыз жаман емес сияқты. Бұл сапар бізді шабыттандырды, жаңа белестерге жетуге құлшындырды", - дейді квартет мүшесі Тимур Таланов.

Музыканттарды байқауға Құрманғазы атындағы консерваторияның оқытушысы, доцент Гүлжан Сапарғалиева дайындады. Айта кетейік, байқауда Италия, Германия, Франция, Чехия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур секілді елдердің дарынды жастары қатысты. 

Ж. Исакаев