Демалысты қалай өткіземіз?

Демалысты қалай өткіземіз?

Міне, демалыс күндерге де жеттік. Аптаның жұмыс, оқу күндері арпалыста жүгіріп, шауып жүріп, тез шаршаймыз. Небәрі екі күннің ішінде демалып, күш-қуат жинап алуымыз керек. Алайда, ол дегеніміз екі күн бойы төсекте жатып, ұйықтау емес. 

Бірінші күні ұйқыңызды толық қандырып алыңыз. Оянған бойда лимон қышқылы қосылған бір стақан таза ауыз суын ішіп, ағзаңызды оятыңыз. Денеңізді сергітіп, біраз жаттығу жасап жіберіңіз. Өзіңізді жеңілірек сезінетініңіз сөзсіз.

Әлі аса суық күндер түсе қойған жоқ, сондықтан бұл жолы сіздерге велосипедпен серуендеуге кеңес береміз. 

Сізді бұл әрекетке итермелеу үшін велосипедпен серуеннің пайдасына тоқтала кетейік.

Артық салмақпен күресті жүгіруден ғана емес, велосипедтен де бастауға болады. Жүрек, қан тамырлары ауруларының алдын алатын да осы велосипедпен серуен.

Демалыстарыңыз сәтті өтсін!

Сурет: bestpaperz.com

Ф. Абилова