Youtube 10 жылға "жабылып" қалды!

Youtube 10 жылға "жабылып" қалды!

Күлкі күніне орай Google өз қолданушыларын алдап соқты. Олар компанияның YouTube видеосервисін 10 жылға жауып тастағанын айтыпты.

«Сонымен, 2013 жылға дейін не үшін жабылды?» деген логикалық сұрақ туындайтын шығар? Сөйтсек, олардың қулығын қарай көріңіз. Былай депті: «YouTube порталы сәуірдің бірінде өз жұмысын тоқтатады. Себебі мамандар YouTube-тің ең керемет видосын кім салғандығын келер 10 жыл бойы анықтайтын болады».

Ең керемет видео 1 сәуірден басталып, оны тікелей эфирден АҚШ-тағы барлық адамдар көре алатын болған-мыс.  

«Біз өткен сегіз жылда барлық видеоны қарап шығуымыз керек. Сосын ғана шешім шығарамыз. Бұған тура 10 жыл уақыт керек болып отыр. Сондықтан да біз бұл іске көптеген мамандарды шақырдық» дейді компания өкілдері. Жасалған шешім бойынша, жеңімпазға сыйлық ретінде MP3-плеер мен 500 доллар стипендия берілетін болған. Бұдан кейін компания өкілдері қолданушыларға кіріп, YouTube-тегі барлық қызық видеоларды түнгі 24:00-ге дейін көріп алуын айтқан. Бұдан кейін олардың барлығы да өшірілетін болған.

Қазірде арна аудиториясы 1 миллиард адамға жеткен. 2005 жылы жарық көрген YouTube кішкентай ғана стартап болып, ал уақыт өте келе әлемдегі алып порталдардың біріне айнала алды. Google видеопорталды 2006 жылы 1,76 миллиарда долларға сатып алған болатын. Сол кездің өзінде видеохостингты 50 миллионға жетіп тұрған еді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

А. Құлтай