Күлкі күніндегі күлкілі оқиғалар

Күлкі күніндегі күлкілі оқиғалар

Назарларыңызға адамзат тарихында күлкі күнінде орын алған күлкілі оқиғаларды ұсынамыз.

1962 жылы Швецияда ақ-қара режимінде көрсететін жалғыз телеарна болған. Арнаның техникалық қызметкерлері 1 сәуір күні өз оқырмандарына жаңа технологиялардың арқасында түрлі-түсті режимге көшетіндіктерін хабарлайды. Жағымды жаңалыққа мәз болған халық шындықты білгенде, қатты ренжіген екен.

1947 жылы 1 сәуірде грек королі ІІ Георг қайтыс болады. Газет беттерінде оның өлімі туралы хабарлар жарияланғанда, көпшілік жай ғана "сәуірлік қалжың" болар деп, еш сенбеген.

1976 жылдың 1 сәуірінде ағылшын астрономы Патрик Мур ВВС-дің тікелей эфиріне шығып, 9:47-де адамзат тарихында ең сирек құбылыс болады: Плутон Юпитерді айналып өтеді де, тартылыс байланысына түседі, сондықтан Жер бетіндегі тартылыс күші төмендейді деп күллі әлемнің зәре-құтын қашырған. Көрермендерге "дәл осы уақытта секірсеңіздер, таңғажайып құбылысты сезінесіздер" делінді. Ақпарат тарағаннан кейін, арнаға 100 мыңдаған адам телефон шала бастайды. Тіпті, бір әйел үстелдің үстінен ұшып кетіп, достарымен бөлме ішінде қалықтап жүргендіктерін мәлімдеген.

1915 жылдың 1 сәуірінде, яғни, Бірінші Дүниежүзілік соғыстың қызу жүріп жатқан шағында, неміс лагерінің үстінен француздық тікұшақ көрінеді де, алып бомба тастайды. Асып-сасып қалған солдаттар бастарын бұғып, жатып қалады. Бірақ бомба жарылмайды. Бомбаның орнына жер бетіне "Бірінші сәуірмен!" деген жазуы бар шар тасталған екен.

2003 жылдың дәл осы күнінде америкалық әскердің Ирак жеріне шабуылы басталды. Оқиғадан кейін 10 күн өткенде Ресейдегі Ирак елшісі Аббас Халаф Кунфут прессаны жинап, журналистерге: жаңа ғана Рейтерстен хабар келді, америкалықтар қателікпен британдық әскерді ядролық зымыранмен қиратып салды. Жетеуі қаза тапқан" деп мәлімдеме жасайды. Аудитория дүр сілкінді. Біреулер дереу жазып ала бастаған. Елші бірер секундтан кейін "Бірінші сәуірмен!" деп күліп жіберген.

Гораций де Вир Коул есімді ағылшындықтың әзіл саласында аты кең танылған. Оның ең атақты әзілдерінің бірі - театрға тегін билеттер таратуы. Ол театрдағы қатаң тыйым салынған орындарды тақырбас еркектерге таратады. Балконнан қарағанда "жалаңаш бастар" өте ұятсыз сөзді құрап шығарған.

2003 жылы Прага қаласында рекордтық төмен бағадағы тауарлары бар "Чехтік арман" атты жаңа супермаркеттің ашылатындығы туралы жарнамалар кең тарайды. Ғимараттың ашылуына 3000-нан астам адам жиналған. Лента салтанатты түрде кесілгеннен кейін, бір-бірін итерген тобыр есікті құлатып кіреді. Қараса, үлкен алаңның ортасында сәуір мерекесіне құттықтау жазылған жалғыз плакат тұр екен. Бұл акцияны режисерлік факультеттің екі студенті ұйымдастырған. Олар кейіннен осы оқиға туралы фильм түсіреді.

Ал сіз күлкі күнінде қандай күлкілі оқиғаларға тап болдыңыз?

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева