Астанада тыңдаушылар пайда болды

Астанада тыңдаушылар пайда болды

Астана қаласында тыңдаушы пайда болды. Егер ашуыңыз келіп немесе сырыңызды бөлісетін адам таппай жүрсеңіз осы адамдардың қызметіне жүгіне аласыз.

Бұл туралы «Экспресс-К» газеті жазыпты. Психологиялық қызмет түрін ұсынатын адамдардың хабарландыруы жақында ғана алыс-беріс, сауда-саттық slando.kz сайтында жарияланған.

Қызметтің ресми аты «Азат құлақ» («Свободные уши»). Хабарландыруда ақша төлеген адамның мұң-қайғысын естуге арнайы кәсіби музыкант әрі психология, педагогика мамандығында білім алған адам тыңдайды делінген. Қолданушы өз нигіне "Айгүл" деп жазыпты.

Қызмет көрсетуші ешкімнің де аты-жөнін жария етпеуге кепілдік береді. Клиент өз атын ғана айтпай емес, тіпті кездесуге қандай киім киіп келсе де өз еркінде. Ол аз десеңіз, дәрігерлерлік маска кисе де болады екен.

Ал тыңдаушымен кездесудегі негізгі талап – ортақ жерде танысу, қызмет ақысы алғашқы кезде төленуі керек және тыңдаушыны ішкізіп, мас қылмау. Ал оның өз қызметі үшін қанша көлемде ақша сұрайтыны белгісіз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: forbes.com

А. Құлтай