Иттерге арналған телеарна ашылды

Иттерге арналған телеарна ашылды

Израиль мен АҚШ-та DOGTV атты иттерге арналған телеарна ашылды. Адам сенбес жағдайдың себебі иттердің егелері жоқ кезде іші пысатыны болған.

Үй егелері үйде жоқ кезде иттер телеарна көріп, уақыт өткізетін болған. Израильдік компания американдық кинологтармен біріге отырып, иттерге арналған арнайы телеарна ашқан. Бұл туралы Haaretz газетінде жазылған.

DOGTV арнасы Jasmine TV телеарнасының базасында іске қосылған. Телеарна израильдік Jasmine Group корпорациясының меншігінде.

Адамның «досына» арналған телеарнасын жасауда Tufts University университетінің ғалым-биологтары да атсалысқан. DOGTV атқарушы директоры Гилад Ньюманның айтуы бойынша, кинологтар бұл контентті иттерді тыныштандыру мақсатындағы қызметі үшін құптаған. «Иттерімізді үйде тастап кеткеніміз үшін өзімізді кінәлі санаймын» дейді Гилад Ньюманн. Ғылыми базаны жасап шыққан маман Николас Додман арнаның даусы мен экранда көрсетілетін суреттер мен видеолар арнайы ит құлағы мен көзіне арнап таңдаған екен. Иттер арнаны қарап отырып, жалғызсырамайды-мыс.

Арнада негізгі бағдарламалар ретінде иттер туралы көрсетілімдер, футбол, фортепиано даусы қатысқан концерттер берілетін болады. Арнаға жазылу тегін. Ал тағы бір қызығы, Британияда ит азығы туралы иттерге арналған жарнамалар пайда болған. Ал иттер мұны көріп отырып үре бастайды да, егесіне осындай жолмен белгі береді екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: original-news.ru

А. Құлтай