Келбет көрем көп жерден

Келбет көрем көп жерден

Әр нәрседен адам келбетін көретін әдетіңіз бар ма? Онда бұл жазба сіз жайлы. Өмірдегі тұрмыстық заттардың барлығының түрі бар екен. Олар әр жерден де табылады!

Faces in places деп аталатын жоба әрбір қарапайым заттың түрін көрсетіпті. Олардың айтуынша, қандай да бір заттың келбеті болады-мыс. Олардың қатарында желінбей қалған пицца, үй аяқ киімі, үй шатыры, қоқыс жәшігі, пошта жәшігі, үй аппараттары, бәрі, бәрі бар...

Кішкене ғана фантазияңызды қоссаңыз, мұның барлығы да шындыққа айналатындай. Күлкілі әрі қызықты жоба көшеде, жұмыс орнында, тағы да басқа жерлерде қиялыңыздан жасай алатын қабілетіңізді тексереді. Тек қорықпаңыз!

Енді ұйықтай алмай жүрмеңіз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

А. Құлтай