Қасқыр қойға неге қызықты?

Қасқыр қойға неге қызықты?

Түрлі мамандықты игеріп, арман толы көкіректерінен от ұшқындаған бір топ қасқыр шетінен қойға ғашық болыпты. Бұл жай ғана сезім емес екен, әрбірінің өздеріне тиесілі пәтуалары бар.

Генетик қасқыр: «Қасқырлар тарихтан бері бір-бірімен жұптасып, ұрпақ өсіріп келеді. Бұл қасқыр тұқымының азғындауына әкеліп соғуда. Сондықтан мен жұбай етіп қойды таңдағым келді» дейді.

Эколог қасқыр: «Біз өмір сүріп жатқан ортаның экологиясы әбден бұзылды. Еттің келу қайнары барған сайын азайып барады. Үлкенін ұстасаң тауыса алмайсың, кішкентайына қарның тоймайды. Сондықтан ендігі ұрпаққа шөп жеуді үйрету керек» дейді.

Жеңіл жүрісті бірі: «Еш жасырарым жоқ, мен той жасауды ойға алған қоймен көп уақыттан бері барыс-келіс жасаймын... Ол өте жуас, тілалғыш» дейді.

Рухсызданып кеткен қасқырға сөз кезегі келгенде: «Қасқыр мен қасқыр бас қосса, үй іші ұлу мен айғайдан көз ашпайды екен. Ал қойдан әйелің болса, құлағың тыныш» дейді.

Депутат қасқыр: «Қойлардың саны көп, қойға үйленсем, маған дауыс беретіндердің саны артады» дейді.

Жағымпаз қасқыр болса: «Мен той жасауды ойға алып жүрген қойды жақында жолбарыс өкілі қызым депті, қой етін жоғарыдағыларға параға беріп азаптанып жүргендерге күлкім келеді, енді мен қойды құшақтап отырып-ақ мәнсапқа жететін болдым» дейді.

Дүниеқорлау бір қасқыр: «Менімен той жасайтын қойдың атасы өте бай, олар қыздың жасауын күштілеп жасайды деп сенем, әуелі маған үй әперіп, көлік мінгізуі де мүмкін» дейді.

Саудагер қасқыр болса: «Егер осы шопан атаның қызын алсам, тері-терсек, жүн саудасы дегендер менің иелігіме өтеді, ақшаны да күреп табамын» деп сылқ-сылқ етіпті.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: vilka.by 

M. Auelkhan