Америкалық жұмыс жасамай ақша табудың көзін тапты

Америкалық жұмыс жасамай ақша табудың көзін тапты

Қытайдың программистері америкалық азаматтың жұмысын жасап беріп жүрген. Verizon компаниясының компьютерлік бағдарламалар құрастырушысы өз кезегінде басшылықтың көзіне түспей, жұмыс уақытында интернетте ойын-сауық құрады екен.

Боб есімді қызметкер толық жұмыс күнінде жұмыс орнында болады екен. Және өте маңызды нысандармен айналысатын болған. Сөйте тұрып, ол қытайлық консалтингтік компаниясымен астыртын келісімшартқа отырыпты. Ол өзіне берілген жұмыстарды Қытайға пошта арқылы жіберіп, ал кейіннен дайын жұмысты қабылдап алып, басшылыққа өткізетін болған. Ал жұмыстың орнына интернет бетіндегі түрлі қызық-сауықтарды көрумен өткізген.

Қулыққа әбден салынған қызметкерді ұстап берген VPN логосы болып шықты. Алғашқы кезде әкімшілік ішкі жүйеге Қытайдан арнайы хакерлер қосылып отыр деп ойлапты.

Құжаттар тек Бобтың атында болғандықтан оның соңына тыңшылар түсіп, кейіннен жұмысқа төленген ақша есебі шыққан кезде бар ақиқат айдай көрінеді.

Ал Бобтың браузеріннен тек Reddit сайтынан көрілген видеолар мен Facebook және LinkedIn секілді әлеуметтік желілерде уақыт өткізетіндігі белгілі болған.

Боб өз кезегінде, атқарылған жұмыстары үшін жиі алғыс хаттар алып, мақтаулылар қатарына еніп жүрген маман болған екен. Ал оның жылдық табысы «бірнеше жүз мың долларға» жетіпті. Ал қытайлық жалдамалы жұмысшыларына ол өз табысының бестен бір бөлігін ғана төлеп отырған.

Verizon компаниясының бұл істен соң өзінің «жалқау» қызметкерін жұмыстан босатудан басқа амал қалмаған екен...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bespalov.me

А. Құлтай