Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Бейбіт Сарыбай: «Сөздің қысқасы...»

Бейбіт Сарыбай: «Сөздің қысқасы...»

Бейбіт Сарыбай: «Сөздің қысқасы...»

Бейбіт Сарыбай жақында ғана Алматыдағы 35 жасқа дейінгілер қатарында қазақша жазатын "Үздік фейсбукшы" атанды. "Ең күлкілі" деген аталым бойынша. Интернет бетінде оның көптеген әзіл-сықақ әңгімелері жүр. Бұларды жинақтап өздеріңізге ұсынып отырмыз. Күліп отырыңыз...

Агент - Шымкент, Фейсбук - Алматы, Твиттер - Астана. Бала-шағам Шымқалада, достарым - Алматыда. Астанада шаруам жоқ...

***

Сөздің қысқасы...

Серғазы шал ауылдан келген. Атын байлай салысымен тапшанға отыра кетті. Әбден қаталапты. Ештемеге зауқы жоқ. Кемпірі самауырдың шүмегімен бірге ағытылды. - Үйге соға алдың ба, балалар қалай екен? - Соқтым, жаман емес. - Е-е, тәуба. - Екөнай шауып жүр ме? - О, немең де әкешіл бола ма дейм, әпшу бермей қашқақтады. - Айтпақшы, келінді көре алдың ба? - Көрдім. Өзі шаршап келген шал әр сұраққа еріне жауап беріп отыр. - Айта отырсай,-деді кемпірі шыдамсызданып. - Нені? - Келінді? - Ой, әкеңнің... Келініңді жау алды деймісің? Жүр да кіріп-шығып. - Қай келінді айтасың? - Қай келін дейтіндей қанша келінің бар еді? Нұргүлді айтам да. - Жоқ-ей, Құдай. Ода нем бар, Анандиды айтам...

***

Зеленый базарға салат алуға барғам. Сол жерде бір бауырым өзіне тиесілі тәшкісіне көркемдеп жылтыр қағаздармен үлкен қып ЕРБАТР деп жазып қойыпты. Өз аты ғой. Шіркін-ай, Ербатыр деп жаза алғаныңда басқа нәрсемен айналысар ма едің дап армандап кеттім...

***

Серік Сәпиев: Мен биылғы жылы Олимпиада чемпионы болып, Алянс Банктегі кредитімді жауып, қалған қаржымды Сбербанкке салдым.

***

Қазақ эстрадасының бүгінгі бет-бейнесі - үш-төрт бала, екі-үш қыз... Қаптаған Квартет, триолар мен дуэттер. Қолдан келер басқа іс жоқ. Ең оңайы ән айту. "Ел таныса, хит әніміз болса, тойға шықсақ, машина алып, үй салсақ, бізді көре қалса, жұрт иегімен нұсқап, мынау ана үркер деген әнді айтатын жеті қарақшы деген топтағы Шолпан ғой десе..." Сосын сұхбат бер. "Әрине өнер нағашы атасы жағынан келген. Өз аталары да құр алақан емес. Өзі бала күнінде темір төсекке шығып алып секіріп ән айтыпты". Соны қосып есептегенде өнерде жүргеніне бес жыл. Анау күні ел танымайтын тағы бір топ құрылды. Кітап оқып көрген адам ретінде мені көмекке шақырды. Ат таппай қысылыпты. Аузыма түскенін саңқ еткізем. Не айтсам да, ондай атпен аталатын топ бар болып шығады. Құс аттары, аң аттары, жер-су аттары, ғарыш әлемі, өткен кеткен тарихымыз бәрі бар. Таң шолпанға шыққанда таң қаласың. "Бас" деген топ Ташкенттің Шеке деген қаласына барып "Қас" деген әндеріне клип түсіріп келіпті. Енді "Шаш" деген альбом шығармақ. "Өнерде жүргенімізге бес жыл болды" дейді. Танысақ ит боп кетейік. Айтып отырғаны қай өнер? Өнерде жүргенімізге дегенше, Донер жеп жүргенімізге бес жыл болды десе жарасымды. Тағы бір қыздардан құралған Сыңсыған деген топ бар. Қыңсылаған әндер айтады. Сыңсыған - Мың сыған.

***

"Біздің қоғамда ақшаны ұнтаққа емес, картон қорапқа төлеп жүрген келіншектер әлі де бар". Толығырақ: www.SU_AIT.com!

***

- Қызым, мына үлкен қонжықпен ойнай ғой. Бұны папаң маған 18-ге толғанымда сыйға тартқан. Мен бұл қонжықпен 22 жасқа толғанша 4 жыл ойнадым. Сосын біз үйленіп, сен туылдың. Енді бұл маған керек емес...

***

"Енді журналистердің түрі жаман, беті қисық болғанына әншілер кінәлі ме?" Айгүл Иманбаева. Құдай-ау, мынау журналистер қауымын тірідей қорлау ғой. Басқа-басқа осы Айгүлдей түрі бар журналист қыздар жоқ емес қой қазақта. Бар. Және жүздеп санауға келеді. Бұл жердегі бар мәселе телеарна басшыларының миының қисықтығы мен таным-түсініктерінің түрінің жамандығында шығар. Саналарына суық тиген да... Осы эфир үшін түр міндетті ме? Түріңді ұрайын деуші еді біздің ауылдағы жігіттер жыны келгенде.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Жеке мұрағат

8857 20
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 қаңтар 2013, 13:21
Пікірлер
+0
15 қаңтар 2013, 13:40

Серік Сәпиев: Мен биылғы жылы Олимпиада чемпионы болып, Алянс Банктегі кредитімді жауып, қалған қаржымды Сбербанкке салдым :D

+0
15 қаңтар 2013, 13:40

Осы кісі өлтіреді фэйсбукта. Қырады ))) Әлгінде бір жазбасына көзім түсіп қалып, содан бері тұрақты оқырманы болып алдым. Жүйрік қиялы. Тек қана шабыт тілеймін!

+0
15 қаңтар 2013, 13:43

Бейбіт ағаның әр әзілі қызық, жүйрік! Саясаты да жоқ емес :mrgreen:

+0
15 қаңтар 2013, 13:47

Рахаттанып күлдім.

+0
15 қаңтар 2013, 13:52

сіздерде Бейбіт Сарыбаймен фейзбуктас болыңыздар: https://www.facebook.com/profile.php?id=100000820171797

+0
15 қаңтар 2013, 13:58

Агенттің блогында да қырады бұл кісі

+0
15 қаңтар 2013, 14:41

адресін беріңізші (логин). Өтініш

+0
15 қаңтар 2013, 15:51

Таптым, рахмет!

+0
15 қаңтар 2013, 14:00

Массагетке келіп, блог жазып тұрса дейсің :D

+0
15 қаңтар 2013, 14:20

Иә, өлтіреді)))

+0
15 қаңтар 2013, 14:21

Өлеңдерін де жариялаңдаршы

+0
15 қаңтар 2013, 15:42

:lol: фэйсбукка коп кiрмеушi едiм, кiрiп окып туру керек екен. Унады, астарлы азiлдер!

+0
15 қаңтар 2013, 16:57

эстрада әншілері жайлы жақсы жазыпты

+0
15 қаңтар 2013, 22:33

Тамаша. Бұлай рахаттанып күлмегелі біраз болып еді. Қазақы әзіл

+0
17 қаңтар 2013, 00:51

Бейбіт аға Фейсбукқа бір нәрсе жазса бар шаруамды қойып, жазғандарын ризааааа болып оқимын! Айтушы еді ғой, клавиатурасының сиясы таусылмасын!

+0
17 қаңтар 2013, 00:52

Әсіресе, "Нұрлы түс" пен "Даром түсті (Тегін түс)" рахаттанып оқыдым)

+0
22 қаңтар 2013, 14:51

Журналистер мен Айгүлге қатысты айтқан сын әзілі өте орынды екен. Әзіл ғана емес, астарлы сын. Жарайсың Бейбіт!

+0
24 ақпан 2013, 09:09

Тек қана сәттілік тілеймін сізге Бейбіт аға!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...