Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Интернет өзгерткен ұғымдар...

Интернет өзгерткен ұғымдар...

Интернет өзгерткен ұғымдар...

«Егер бұл өмірде интернет жоқ болса...» деген сауалнама жасадым. Анығын айтсам, жасай алмадым. Себебі сауалнаманың сұрағы мұндай боларын, елестетуді қойыңызшы, ойлана да алмайтын сұрақ екенін білмеппін. Әрине, сауалнамаға жауап берушілер үндей алмады. Әдеткі себеппен уақыттары болмады ма деп ойлағанмын. Кейінде жүз бе жүз кездесудің өзінде де олар ештеме дей алмайтындарын жеткізді. Өзім қанша ойлансам да жауап бере алмайтын сұрақ болып шығарын кім білген... Десе де, әзіл-қалжыңы аралас дүние жаздым. Сіз келісесіз бе, қалай қарайсыз?

Егер өмірде интернет жоқ болса...

  • Адамдар арасында пікір айту мәдениеті сақталар еді.
  • Әнді басынан соңына дейін толық тыңдап шығатын әдетімізді жоғалтпайтын едік...
  • Жеңіл әзіл-қалжыңға бой ұрсаңыз, сіздің болашақта салмақты тұлға болуыңызға кесірін тигізетіндей...
  • Кездесу деген тәтті ұғым санамызда сақталар еді...
  • Телефон анықтамалығы қолданыста болар еді. Ал қазір «Яндекс», «Гугл» секілді «білгіштер» қалың анықтамалық кітаптарды жоқ қылды.
  • Мысықтардың да ақылды жануар екенін ұмытпас едік. Интернет бетінде олардың құлаған, билеген, тұрған, отырған секілді қалыптарында көрсететін видео өте көп. Осы себепті, мысық салмақты жануар емес деген тоқтамға келдік...
  • Қолсағатты тек сәнқойлар тағатын болды...
  • Ән дискілерін сататын дүкендер әлі де сұраныста болар еді...
  • Қағаз хаттар енді қолданыста жоқ. Электронды хаттар олардың рөлін толықтай атқарып отыр...
  • Еске сақтау қызметі жақсы болар еді. Тіпті саналы адамның білуі тиіс қарапайым білім де қазір іздегіш бағдарламаның көмегімен табылады.
  • Бос уақытымыз болар еді. Қазір ше?
  • Фотоальбомдар сандықта жататын дүниеге айналды. Оны іздеп тапқанша білгіңіз келген адамның «жеке әлеміне» кіре салсаңыз жеткілікті.
  • Теледидардан қызықты бағдарламаларды бірігіп көрер едік. Қазір оны әркім-ақ қалаған уақытында тауып, көре алады.
  • Энциклопедия кітаптары қолданыста болар еді...
  • Үйден-үйге тарайтын өсек. Ол қазір түрлі сайттардың бетіне «жайғасып» алған...
  • Жеке құпиямыз сақталар еді. Тіпті, қандай ойдағы адам екеніміз, қандай қызығушылығымыз бар екенін өзіміз-ақ айтып отырамыз ғой...
  • «Х VS О» ойыны есіңізде ме? Немесе теңіз шайқасын ойнаушы едік, енді ол да жоққа айналды...
  • Еңбексіз-ақ атақты бола алмайтын едік. Оған Youtube-тегі көптеген роликтер дәлел...
  • Пасьянс «Косынка» ойыны интернет келген соң ұмытылуға айналды. Ал сіздің есіңізде ме?
  • Тәулікте 3 рет тамақ ішу үрдісі қалып қойды. Қазір интернетте отырып, бутерброд жеуді көбіміз әдетке айналдырдық...

Сонымен, есімізге түскені бар, түспегені бар, шамамыз келгенше атап шықтық. Ал сіздің тағы да қандай ойларыңыз бар? Сіз қалай жауап берер едіңіз? Егер өмірде интернет жоқ болса...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: subscribe.ru

5478 36
Рейтинг: +10

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 03 қаңтар 2013, 15:17
Пікірлер
+0
03 қаңтар 2013, 15:27

жеке өміріміз жоқ, бәрі қоғамдық болып кетті

+0
03 қаңтар 2013, 15:28

Пасьянс «Косынка» ойыны интернет келген соң ұмытылуға айналды. Ал сіздің есіңізде ме?

+0
03 қаңтар 2013, 15:58

біздегі охранниктер әлі ойнайды :lol:

+0
03 қаңтар 2013, 15:41

Егер, өмірде интернет жоқ болса... Онда, мен Массагеттік болмас ем )

+0
03 қаңтар 2013, 15:54

Пасьянс, Косынка, әсіресе, Сапер ойнап алмай интернетке кірмеймін,,, кейде қатар ашып қойып та отыра берем, ал кейде, интернет жайына қалады. Интернет болмаса да өмірім қазіргідей болар еді, тек қана араласатын жақсылардың қатары аз болатыны болмаса... Сосын, не ғо, уақытында ұйықтар едім. (бірақ бәрібір қазіргідей уақытта оянам...)

+0
03 қаңтар 2013, 15:59

күнде бүгін уйқтайм дейсіңғо

+0
03 қаңтар 2013, 16:13

егер интернет жоқ болса, көзілдірік тағатындар қазіргіден аз болар еді...

+0
03 қаңтар 2013, 16:14

интернет болмаса смс-ке көп единица кетер еді :mrgreen:

+0
03 қаңтар 2013, 16:27

Сөйлей мәдениетін сақтайтын едік! Өте дұрыс. Казір агентте калаган адамымызға, қалаған нәрсені жаза береміз. Ал егер бетпе-бет кездесіп қалсақ, дым айта алмай қаламыз

+0
03 қаңтар 2013, 16:29

тағы қандай ұғымдар жойылды? Таппай отырғаным... :roll:

+0
03 қаңтар 2013, 16:49

жігіттер мен қыздар бірін-бірі қатты қызғанатын болды. Агент кесірінен ажырасып кеткендер де көөөөөөп! :|

+0
03 қаңтар 2013, 16:50

агенттің кесірінен үйленейін деп жүргендерде бар... :|

+0
03 қаңтар 2013, 17:00

онда "кесірінен" емес, "арқылы" деу керек :lol:

+0
03 қаңтар 2013, 17:04

вот именно, "кесірінен"

+0
03 қаңтар 2013, 17:02

Пайдасын елдің бәрі біледі. Осылай оның зиянын да еске түсіріп тұру керек. Көп адамдар интернет болмаса түкке де тұрғысыз, жарамсыз біреу болып қалаор еді. Себебі, басқа бір ниеттегілер оларға осы оттағандары үшін ақша төлеп отыр ғой.

+0
03 қаңтар 2013, 17:05

сағанда төлеп жатыр ма? :o

+0
03 қаңтар 2013, 17:15

Жоқ. Ол жақта жұмыс істемеймін. Еурейлер үшін жұмыс істеймін. :twisted: :twisted: :twisted:

+0
03 қаңтар 2013, 17:17

интернетте оттағандарға кім ақша төлейді? айтшы, кіріп алайын жұмысқа :mrgreen:

+0
03 қаңтар 2013, 17:03

Бір күні гугл барлық қызмет үшін ақша сұрап, байкот жарияласа көрер ем :mrgreen:

+0
03 қаңтар 2013, 17:19

Гуглдың орынын басатын мәшине жасалып жатыр Қазақстанда. KZ домені үшін жұмыс жасайтын. Алаңдамаңдар миы жоқ қазақтар. :ugeek:

+0
03 қаңтар 2013, 17:21

Нағыз интернетке құмарларға арналған мақала екен)

+0
03 қаңтар 2013, 18:21

Интернетсиз ишим пысады рас

+0
03 қаңтар 2013, 21:39

интернет болмаса алыстағы адамды камера арқылы көре алмас едік

+0
03 қаңтар 2013, 23:27

егерде ғаламтор болмаса осы массгетке шыққан жаңалықты көре алмас кедік және комент жазбас едік

+0
04 қаңтар 2013, 00:47

интернет болмаса:
1-сабақа көп көңіл бөлуші едім
2-уй тапсырмасына берген тапсырмаларды өз күшіммен ізденіп көбірек кітап оқитын едім
3-кітап демекші қазір кітап оқиын десең бәрімізге бір ой келеді ол :жақында осы кітапқа фильм түсіріледі кейн интернетке шығады бұны оқып уақытымды кетірп не қылам интернетке шыққан соң 1 сағаттын ишінде коре салам дейміз ал егер біз коп кітап окысак ауызекі сойлеу мәнері,хат жазу пікір калдыруда тагы да баска маселелер оздігімен шешіліп омир суру онайлайтын ба де оилаимын, ал казір жаксы пікір де калдыра алмаймыз барлык алем ауырып жаткан 21 гасырдын ен ауыр індеті бұл осы -ИНТЕРНЕТ
4- қазір неге абай сияқты мұхтар сияқты елге ақыл айтып жол сілтеушілер жоқ ,неге?себебі интернет жол сілтеуші болып алған ,бір ақыл айтып ел алдына шыгайн десе интернетке кирип кореди барлық адам коментарий га жаза салган оны кім оқып көріп біліп жатыр көрсе де оған ел алдына шығып аййт десе шыға алмайды себебі барі не де мәлім,,,,,,,,,,,,,,шіркін осы дүниеге каншама ақылды еліне берілген адам дүниеден озінің білімді ақылды екенін білмей өтіп жатыр десеңші,сондықтан ағайын ойланайық
5-ОЙЛАНАЙЫҚ!!!!!!!!!!!!

+0
04 қаңтар 2013, 15:29

интернет болмаса... әйтеуір интернет бір күні (бір ғасырдың не бір мыңжылдықтың жүзінде) болар еді..!

+0
04 қаңтар 2013, 16:56

интернет болмаса, адамдар газетті көбірек оқитын еді.

+0
04 қаңтар 2013, 22:02

哈萨克 万岁 сен өзіңше білгішсің ау деймін? Нағыз қазақ болсаң атыңды қазақша жазбайсың ба? Қытайша жазғанша сатқын!!!

+0
04 қаңтар 2013, 23:42

Интернет болмаса мен сабагымды 5 ке оқйтын ем. Өйткені интернет адамнын ашытып жіберет сосын біздін мимыз шаршаит сосын уйкын келіп уйктап каласын сабак окылмаи калат сосын апай агай неше турлы урыстар естисін.Бул интернетке отырмаим деп ішіңнен уаде бересін бірак ертеніне кайтадан интернетті актарамыз

+0
05 қаңтар 2013, 01:37

интернет болмаса жылына он бес кітап окып тастар ем, ал казір жылына екі үш кітап қана оқитын болдым :oops: .

+0
14 қаңтар 2013, 00:25

ол қайта жақсы ғой, интернет болмаса да мулдем оқымайтындары да бар 8-)

+0
24 қаңтар 2013, 04:56

Кеш жарық ,ағай"НЕГІЗІ БӘРӘ ИНТЕРНЕТКЕ ТІРЕЛІП ТҰРҒАН ЖОҚ! Ардақ ағай сіздің сөзіңіздің жаны бар! алайда менде де интернет бар, Үйдегі компьютер ғанаа емес қолымнан тастамайтын ноутбугімде интернет желісіне қосылған.Алайда мен сабағымды беске оқимын, айына көп дегенде 2 кітап оқып шығамын.Меніңше адам өзін тежей ілу керек.Адамның еркі өзіңде екенін ұмытпаңыздар! Бәріне үлгеруге болады.Тек тырысу керек. Егер артық кетсем, реніш болмасын!

+0
02 ақпан 2013, 21:57

Шіркін,интернет,агент дегендер болмаса ғой!

+0
02 ақпан 2013, 21:58

Интернет,агент дегендер келгелі сабағым төмендеп кетті.басымды айналдырып алды :cry:

+0
14 ақпан 2013, 13:40

Internetke otirgali baikaimin este saktau kabiletim azaipti Uige tapsirmaga jattau berse burinda (internet jok kezde) jaksi jattatitin edim al kazir jattasam 1joldi mk - bik dep turam

+0
24 ақпан 2013, 08:34

агент арқылы үйленгендер де бар ғой.........

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...