Қызықты мақал-мәтелдер айта отыралық....

Қызықты мақал-мәтелдер айта отыралық....

Қазақ сөзге бай халық. Ал арасында қаншама қызық та болса, салмағы басым мақал-мәтелдер жүр. Ендеше, ағайын, бар білгенімізді осында топтастыра отырайық. 

Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.

 

Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.

 

Есек семірсе иесін тебеді.

 

Тауықтың түсіне тары кіреді.

 

Жақсыдан қалған сөз олжа, тоқтыдан туған қозы олжа, ойнастан туған ұл олжа.

 

Жығылып жатып қисайғанға күлме.

 

Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы.

 

Қатын қысылса шағынады,

Ер қысылса сабылады.

Қатын ұшынса қағынады,

Ер ұшынса шабылады.

 

Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!

 

Байлауы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Бәйге алмаған жүйріктен,

Белі жуан бесті артық.

 

Соқыр тауыққа бәрі бидай.

 

Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды.

 

Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді.

 

Құнажын көзін сүзбесе,

Бұқа бұйдасын үзбейді.

 

Бүркіттің сайрағаны өлгені.

 

Есенің де есесі, есектің де шешесі бар.

 

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.

 

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

 

Бардың қатыны өлсе төсегі жаңғырар,

Жоқтың қатыны өлсе басы қаңғырар.

 

Еріншек қатынның етегі жыртық,

Ерке қатынның ерні тыртық.

 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: legko.be

Қ. Қауымбек