Сіз көрмеген сурет: Жануарлардың селфиі

Сіз көрмеген сурет: Жануарлардың селфиі
Фото: vilingstore.net

Бүгінгі таңда селфи жасау (телефонның алдыңғы камерасымен суретке түсіру) әлемге кеңінен тарап кетті. Қай адам болмасын өмірінің қызықты сәттерін бөлісу үшін селфи жасап, әлеуметтік желілерге салып жатады. Бұны тек адам баласы ғана жасайды десек, қателесіппіз. Жануарлар да селфи жасай алады екен. Бәлкім, сенбессіз. Бірақ мына суреттерді көргеннен кейін сенуіңізге тура келеді. Ендеше, жануарлар селфиіне кезек берейік!

Мысық иттермен суретке түсті.

Зообақ маймылдары да құр жатпайды.

Мына ит селфиі әдемі шыққанына разы секілді.

Үй хайуанаттары аулада серуендеп жүріп, суретке түсуді де ұмытпады.

Қожайынмен күнде суретке түсе бермейсің.

Кейбір хайуанаттардың суретіне қарап тамсанып отырып, бәрімен суретке түскің келіп кетеді екен...

Шүкір, шүкір!

Жұрт айтатын Голливуд осы екен ғой..

Ж. Жұмағұлов