"Таң қалмаңыз" құрамасының аруына сахнада ұсыныс жасады

"Таң қалмаңыз" құрамасының аруына сахнада ұсыныс жасады
Фото: youtube.ru

Жайдарман ойындарында тағы бір қызықты жағдай орын алды. Премьер лиганың үздік құрамалары жоғарғы лигаға өтуге бақ сынар сәтте "ҚазҰУ" командасының ойыншысы Нұрсұлтан Жақсыген "Таң қалмаңыз" сұлуларының біріне ұсыныс жасады. Сахнада танысып, сахнада табысқан жас жұпқа Есен Елеукеннің өзі ақ батасын берді. Бірақ осындай керемет тосын сый болса да, "Таң қалмаңыз" арулары өздерінің жоғарғы лигаға дайын емес екендігін көрсетті. Сонымен, көңілді тапқырлар ойындарындағы шынайы ұсыныс жасаған сәтті тамашалаңыздар. 

B. ZHAQSYMBET