Ең күлкілі арманыңыз қандай еді?

Ең күлкілі арманыңыз қандай еді?
Фото: wallpapersja.com

Арман – шексіз әлем. Арманның ішінде де ең күлкілісі болады. Әсіресе бала қиял... Кіршіксіз көңілмен ойлаған арманымызды есімізге алсақ, еріксіз жымиямыз. 

Біз балалардың арманын тізіп көрдік. Байқап отырсақ, арманның бәрі көрген киномыздан, оқыған кітабымыздан, бізді қоршаған ортадан құралған екен. "Армандағанда да абай болу керек" деп жатады. Өйткені еңбек еткен кез келген адамның бала қиялын шындыққа айналдыруға мүмкіндігі бар. Армансыз адам – қанатсыз құс. Армандай білмейтін жаннан сақтану керек. Ал ақылға сыйса да, өмірде орындалмайтын күлкілі арман жайлы әңгіме басқа. 

Сонымен сіз қайсысын армандадыңыз?

– Бүкіл әлемнің әміршісі болсам. 

– Араның қанатына мініп, ұшсам. 

– Біреудің ішіне кіріп алып, ойын оқысам.

– Көрінбейтін киім киіп алып, дүкеннен көп тәтті ұрлап алсам, бірақ ешкім оны байқамаса. 

– Тек балалар мекендейтін үйде тұрсам, үйде үлкендер болмаса. 

– Уақытты тоқтататын сиқырлы таяқшам болса. 

– Ұшатын кілемге отырып алып, әлемді араласам. 

– Тек қана мультфильм көрсететін телеарна болса.

– Алтын балық ұстап алып, оған үш тілегімді айтсам. 

– Аспаннан ақша жауса.

– Лотереядан ұтып алып, миллионер болсам. 

– Әлемге танылып кетсем, әке-шешем қуанса. 

– Көрінбейтін қанатым болса, мектепке бәрінен бұрын ұшып жетіп алсам.

– Жаңбырмен бірге аспаннан кәмпит жауса. 

– Бәрін істей алатын сиқыршы болсам. 

– Түнде қара киім киген күзетшілеріммен бірге өзім ұнатпайтын адамды ұстап алып, қорқытсам. 

– Қуыршағым мен күшігім сөйлеп кетсе. 

– Ағамнан да үлкен болып өсіп кетіп, ағамды жеңсем. 

– Алтын шашым болса. 

– Күнді ұстап алып, үйіме іліп қойсам. 

Жалғастырыңыз... 

М. Оңғарова