"Өнер қырандары" әншілерге пародия жасады

"Өнер қырандары" әншілерге пародия жасады
Фото: El.kz

Әрбір адам өзін сыртынан бақылаған болса, бойындағы жағымсыз әдеттерден арылатыны һақ. Кейде көптің көңілінен шықпай жататын әрекеттер пенденің сүйкімсіздігін көрсетіп қоятын кездер болады. Соңғы уақытта көптеген актерлар әншілерге пародия жасау арқылы оның жағымды да жағымсыз жақтарын қатар көрсетіп жүр. Осының барлығын жіті бақылаған жандар өзін бірден жаман әдеттен тыйып тастауға дейін де барып жатыр. Дәл осындай керемет көріністі "Өнер қырандарының" жігіттері сахналық қойылым ретінде көрсеткен екен. Өнердің қырандары Ретро стильдегі жұлдыздардан бастап, бүгінгі енді-енді шығып жатқан өнер адамдарына дейін пародия жасаған.

B. ZHAQSYMBET