Телеарна тізгіні кімде?

Телеарна тізгіні кімде?
Фото: rbc.ru

Рейтинг жинау жолында көптеген әрекетке баратын Бұқаралық Ақпарат Құралдары халықтың ойындағы жаңалықты емес, сенсация іздеуге көбірек көңіл бөлуге көшкен сыңайлы. Онымен қоса арнайы мамандығы бар журналистерді эфирден алып, оның орнына жұлдыздарды қоятын болып жүр. Әркімнің бір ойлағаны мен діттегені бары рас. Әрине, бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды. Алайда, қазіргі уақытта кабельді телеарналардың көбеюіне байланысты көзі ашық, көкірегі ояу адамдар шет елдің арналарын тамашалап, өзіміздікіне күле қарайтын дәрежеге жетті. Дәл осы сюжетті өзінің әдемі әңгімесіне арқау еткен Медет Досханбаев әзіл әлемінің көрермендеріне керемет күлкі, астарлы ой сыйлады. Сонымен сіз бұған қаншалықты келісесіз?    

B. ZHAQSYMBET