"Шімән апа" образын өзгертті

"Шімән апа" образын өзгертті
Фото: Baistars.kz

Алты жылдан астам уақыт апаның рөлін сомдап жүрген Ерболат Төлегенов көпшіліктің есінде ақ жаулығымен қалып қойған. Әрбір сахнаға шығу сәтінде осы образымен көптеген оқиғаны сомдап жүрген актер бұл жолы Шімән апаның жаңа бейнесін көрсетті. Мәскеудегі курстастарына барып моданың не екенін ұғынып қайтқан әжеміз "Мадоннадан қай жерім кем?" деп жұртты күлкіге қарық қылды. Ерболат Төлегенов бұл жолы қазіргі күннің апаларын әзіліне арқау етіп, сән қуған қариялардың әрекетін сахнаға алып шыққан. 

B. ZHAQSYMBET