"Күлкістан" театры Радиодағы сұхбат (Видео)

"Күлкістан" театры Радиодағы сұхбат (Видео)
Фото: independent.co.uk

Төрткүл дүниенің жаңалық жаршысы болатын журналистика мамандығы сырт көзге мінсіз болып көрінетіні рас. Ағарған беттер, қағазға қарамай сөйлеген дикторлар көк жәшіктің сыртындағы ағайынға бал өмірдің көрінісін дәлелдегендей болады. Алайда, бұл жұмыстың да өзіндік қиындығы бар екенін бірі білсе, бірі білмейді. Соның бір мысалы, болған оқиғаға байланысты өзге бір кейіпкерден сұхбат алу. Кейбір жандар жайдары сөйлеп, сұрақтарға салмақты жауабын айтып, көңіліңізге медет сыйласа, енді бірі қыңыр мінезімін бағдарламаңыздың быт-шытын шығарады. Соның айтқан әрбір сөзін монтаж арқылы түзетіп, халыққа ұсыну нағыз қиынның-қиыны. Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған "Күлкістан" театры актерлерінің "Радиодағы сұхбат" атты тікелей эфирдегі қиқар ақынмен болған көріністі тамашалаңыздар.

B. ZHAQSYMBET