Назар аудар – Той жасаймыз (Видео)

Назар аудар – Той жасаймыз (Видео)
Фото: Vk.com

"Күлдіре білу  өнер, күлкіге қалу  өлім". Қай уақытта болмасын әртүрлі оқиғаға байланысты көптеген әзілдер шығып жатады. Қалжыңның ең қызығы отбасы, ошақ қасында болады. Жай күнде өздеріне білінбегенімен, сырт көзге көрінетін күлдіргі әрекеттер көптеп кездеседі. Әзілдің қандай да бір оқиғамен тұспа-тұс келуі де бекер емес, белгілі бір оқиғаны талқылап, көптеген қызықты сөздер мен әсерлі оқиғалардың куәсі болуға болады. Дәл осы керемет көріністі "Назар аудар" Жайдарман тобының жігіттері әдемі сахналап берді. "Тойдың болғанынан, боладысы қызық" дегендей, кіші ұлына арнап дүркіретіп той жасауға бел буған әулеттің арасындағы қызықты қалжыңдарды шынайы жеткізе білген.    

B. ZHAQSYMBET