Күлдіре білу – өнер, күлкіге қалу – өлім

Күлдіре білу – өнер, күлкіге қалу – өлім
Фото: joel.carluec.free.fr

"Әр әзілдің түбінде бір шындық бар" демекші, күліп тұрып-ақ арғы ойын жеткізе білетіндер бар. Күлдіремін деп күлкіге қалатындар да бар. Бір сөзбен айтқанда, "күлдіре білу  өнер, күлкіге қалу  өлім". Назарларыңызға қызықты әзілдер топтамасын ұсынамыз. 

Бокс үйірмесіндегі алғашқы жаттығудан кейін жаттықтырушы жас баладан сұрайды:

 Сұрағың бар ма?

 Иә. Бұл жерде сырттай оқу бөлімі бар ма?

***

Әйелдер тазалықты сүйеді. Әсіресе, күйеуінің қалтасын тазалап қойғанды...

***

Автобустағы қыз өзінің аяғын басып кеткен жігітке бар пәрменімен айқайлады:

 Хайуан!

 Танысқаныма қуаныштымын!

***

Бастық: Аузыңдағы темекіні таста!

Қызметкер: Басеке, бұл темекі емес, қарындаш.

Бастық: Мейлі, не болса да! Жұмыс уақытында темекі де, қарындаш та шегуге болмайды.

***

МАИ қызметкері жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргізушіні тоқтатып:

 Бұл жерде 40-тан асуға болмайды. Сіз 80-мен кетіп барасыз ғой. Қайда асығып барасыз?

 Сізге мына ақшаны әкеле жатыр едім.

***

Мен саған неше сағаттық баяндама дайында деп тапсырма беріп едім? - деп ашуланыпты аудан әкімі көмекшісіне.

 Бір сағаттық.

 Ал мен оны үш сағат оқыдым ғой, ә?

 Енді былай... не етіп... үш сағат оқыдыңыз, иә...

 Айта бер, жасқанба!

 Байқамай... сізге үш данасы кетіп қалыпты.

***

Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмыстан шығарып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағада жатқан екі итке тиын-тебен тастайды. Сонда әлгі байдың әйелі:

 Мұныңмен не айтпақсың? –деп сұрайды.

 Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұратын, - деген екен.

Ө. Сансызбай