Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Қожанасырдың хикаялары

Қожанасырдың хикаялары

Қожанасырдың хикаялары

Қожанасырдың есек суаруы

 Күндердің бір күні Қожанасырға  әкесі есекті суарып келуді тапсырады.

    Оған Қожанасыр:

    – Жоқ, бара алмаймын,– депті.

    – Ие, неге?

    – Ернім жарылып кетіпті, - деп жауап беріпті Қожанасыр.

   Әкесі ашуланып:

    – Есекті суаруға еріннің қандай қажеттігі бар? – деп жекіпті.

   Сонда  Қожанасыр:

    – Есек су ішіп тұрған кезде мен «ішт-ішт» деп ысқырып тұруым керек емес пе? – депті. 

Қожанасыр мен би

Бір бидің сиыры  Қожанасырдың еккен егінін жеп қойыпты. Қожанасыр бидің өзіне барып:

    – Биеке-ау, бөтен біреудің сиыры екінші біреудің еккен егінін жеп тауысса, оның үкімі не болады? – депті.

    Би үлкен сары тысты кітабын қолына алып, ашып көріп:

     – Сиырдың  иесі шариғат жолы  бойынша желінген егіннің құнын төлейді, – депті.

     – Олай болса, сіз егіннің құнын төлеңіз, сиыр сіздікі де, егін біздікі,– депті алақанын жайып.

     – Иә, солай деңіз! – деп ойланып тұрып, қолындағы сары түсті кітапты былай қоя беріп, басқа бір кітапты алып бетін аша беріпті.

     Сонда Қожанасыр:

      – Ашпай-ақ қойыңыз, тақсыр би, сіздің сиырыңыз менің егінімді жегенше, қолыңыздағы  көк  кітапты жесе, анағұрлым тәуір болатын еді,–  депті.

Қожанасырдың есегі

 Күндердің  күнінде жоғалып кеткен есегін іздеп жүрсе, алдынан бір құрдасы жолығыпты.

   Қожанасыр:

   – Менің есегімді көрдің бе? – деп жоқ қарап жүргенін айтыпты.

   – Ия, көрдім. Есегің мынау бір қаладағы мешітке сопылық міндетін өтеп жүр, - депті.

   Қожанасыр:

   – Дұрыс, дұрыс, мен де оған жастайынан құлағынан сыбырлап «сопы боларсың» деуші едім,– деп Қожанасыр есегін қайтып іздемей құрдасымен бірге кете беріпті.

Қожанасыр мен баласы

 Қожанасырдың баласы құдық басында отырып нан жепті де, құдыққа нанын түсіріп алып, айқайлап жылай беріпті. Үйден жүгіріп шыққан Қожанасыр:

   – О, не болды, не болды? – депті.

   Баласы солқылдап жылап:

   – Наным құдыққа түсіп кетті,– дейді.

  Қожанасыр құдықтың түбіне үңіліп, суға түскен өзінің суретін көреді де ашуланып:

   – Жас баланың нанын тартып алып жегенше, өле қалсаң болмай ма? – деп жерді бір теуіп, жүре беріпті.

Емдеуші мен қасаптың айырмасы

 Бір күні жұрт жиылып Қожанасырдан әңгіме сұрайды:

   – Емдеуші мен қасаптың арасында қандай айырмашылық бар?

   Қожанасыр:

   – Қасап әуелі сойып, соңынан терісін алады, ал емдеуші әуелі терісін сыпырып, соңынан өлтіреді де тынады,– депті.

Сурет aruna.kz сайтынан алынған

28857 10
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 06 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2012, 22:36

))))бір күліп алдым!

+0
27 мамыр 2012, 14:12

:D :D Қожанасыр десе... ))

+0
16 наурыз 2013, 23:49

:lol: :D

+0
25 наурыз 2013, 13:13

:lol: :lol: :lol: :lol: .....Қожанасырдың басынан кешкен хикаялары шіркін,қызық қой....!))))))

+0
25 наурыз 2013, 14:25

Қожанасырға ырзамын ғой

+0
25 наурыз 2013, 14:32

2 шісі өткен жоқ!!!

+0
17 наурыз 2014, 22:12

:!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!:

+0
17 наурыз 2014, 22:13

хахахаахахахахаххахахаха жарылдым :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!:

+0
17 наурыз 2014, 23:30

БаЗаР жОк :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea:

+0
08 сәуір 2014, 12:02

:!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :!: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...