Қорқақтың қулығы

Қорқақтың қулығы

Үш жолаушы келе жатып, далаға түнейтін болады. Жапан дала, түн тастай қараңғы.

Жолаушылар өздерінің қорқақ екендіктерін білдіріп, «енді қайтеміз» дейді. Түн қараңғылығы үшеуін де үрей әлеміне жетелейді. Ойласа келе, шешім шығаруға келіседі. Бірі «түнімен жүре берейік» дейді, екіншісі мен үшіншісі «шаршадық қой, жатайық, тынығып алайық» дейді. Соңында үшеуі де тоқтап, тынығып алуға келіседі. Жатар кезде үшеуі «ортаға мен жатамын, мен жатамын» деп таласады. Сонда үшіншісі қорқақ та болса, қулау екен.

- Қорықсаңдар, бірің оң жағыма, бірің сол жағыма жатыңдар, - депті.

Сурет: press.samgtu.ru

Н. Айдархан