Күлдіремін деп, жылатып алма...

Күлдіремін деп, жылатып алма...

Бүгін, 1 сәуір, күлкі мен қалжың күні. Бұл күні достармен, жұмыстағы әріптестермен, туған-туыстармен қысқасы осы күні көріп, кездесіп қалатын барлық  адамдармен әзілдесу айтарлықтай дәстүрге айналған. Бірінші сәуірлік әзілдер көңілді де қызықты әрі зілсіз болғаны дұрыс.

Соңғы жылдары бірініші сәуір күні жасалатын әзіл-қалжыңдардың бұқаралық сипат алғаны соншалық тіпті бұқаралық ақпарат көздері де алдап, әзілдей бастады. Сонымен қатар газет-журналдардың бастамасымен өткізілетін конкурстар да көпшілік арасында танмал бола бастады. Мұндай әрекеттер оқырмандарның көңілдерінен шыққанын айта кеткен де жөн. Қазір «Ой, сенің арқаң кір болып қалыпты» деген қалжыңдармен ешкімді алдай алмайсың, тіпті алдау тұрмақ мұндай әзілдер ешкімге қызық та емес.  Және де көбісі бұл мейрамды кемсіту күнімен шатыстырып алатындай. Оның себебі ретінде күлдірем дер жылатып алып, бұл күнді екінші мәрте атап өтпейтін күйге жеткен адамдарды мысалға келтіруге болады.Сондықтан массагет ұжымы сіздерге ережелер мен қағидаларды назарларыңызға ұсынбақ. Сонымен егер сіз жақыныңызды ренжіткіңіз келмесе, онда еш уақытта төменде берілген әзіл түрлерін жасауға ұмтылмаңыз:

* Еш уақытта үйдегілеріңізге 1 Сәуір күні «Мен үйленемін» деуші болмаңыз. Тіпті үйленбек ойыңыз болса да, олай істеуші болмаңыз. Әке-шешеңіз қалжың  деп түсінуі мүмкін. Әзіліңіз сондықтан да өтпей қалып, ұялып жүрмеңіз...

* 1 Сәуір күні ең бастысы полиция ағайлармен қалжыңдасудан аулақ болыңыз. Телефон арқылы шенді ағайларды қайта-қайта мазалаудың қажеті жоқ. Сенсіз де оларға телефон соғатын адамдар жетіп жатыр.

* Аталған күні жүріп жүрген қызыңызды немесе таныс қызды алдап соғамын деген оймен оған «Менің мәңгілік жарым боласың ба?», - деп айтудың керегі шамалы. Себебі қыздар өте сезімтал келеді, қалжыңдағаныңызды білсе, қарым-қатынастарыңыз толығымен жойылуы мүмкін.

P.S. 1 Сәуір күні туылғандарды құттықтаймыз...

Сурет: vg-news.ru 

Ж. FM